Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұршақ, жаңбыр, күшті жел: 6 маусымға арналған ауа райы болжамы
3,590
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, күндіз батыста, солтүстікте бұршақ жауады.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Сонымен қатар, ел аумағы бойынша жел күшейіп, батыста күндіз шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.