Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері өседі.
Қажылық-2024: Рұқсатсыз қажылық жасағандарға айыппұл салынады
1,705
оқылды

Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, рұқсатсыз қажылық парызын өтеген қажыларға айыппұл сала бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қажылық жасауға және рұқсатты заңсыз алуға тыйым салу саясаты қамтылған аймақтарға Мекке қаласы, орталық аймақ, қасиетті жерлер, Харамайн теміржол станциясы, бақылау-өткізу пункттері, тексеру орталықтары және уақытша бақылау бекеттері кіреді. Ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады

Кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге қажылық ережелерін бұзғаны үшін 10,000 саудиялық риал (2666 АҚШ доллары) айыппұл салынады, ал азаматтығы жоқтар өз еліне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдап жүрген кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін (13 328 АҚШ доллары) айыппұл төлейді және тасымалдауға пайдаланылған көлігі тәркіленеді.

Қоғамдық қауіпсіздік егер заң бұзушы резидент болса, ол жазасын өтегеннен кейін депортацияланатындығын және заңға сәйкес белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруіне тыйым салынатынын хабарлады.

Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері өседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.