TikTok әлеуметтік желісінде өнер иесінің қалыңдық қолына сақина тағып, маңдайын сүйіп жатқан видеосы тарады.
Әлеуметтік желіде әншінің видеосы қызу талқыланып жатыр
Фото: amirzhanovaigul / Instagram
28,329
оқылды

Желіде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің видеолары тарады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

TikTok әлеуметтік желісінде өнер иесінің қалыңдық қолына сақина тағып, маңдайын сүйіп жатқан видеосы тарады.

Кәсіпкер Айгүл Әміржанова Димаштың танымал брендтің сақина салынған көгілдір қорапшасын ұстап, қызға сөз салып жатқан видеосын жариялады. Өнер иесі жарнамалық роликке түсіп, әйгілі зергерлік брендтің елшісі болғаны белгілі болды.

"Димаш жаңа жоба үшін Tiffany&Co компаниясын таңдады. Біз үшін бұл – жақында болатын үлкен нәрсенің кішкентай бөлігі болу мүмкіндігі", – деп жазған Айгүл Әміржанова.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, бақыт тілеп жатыр.

"Клипке түсіп жатқан шығар. Димаш үйленсе жаңалықтан бірінші айтады", "Құсың құтты болсын, бақытты болыңдар", "Бақыттарың жансын!", "Біз тойдан қалып қойдық па?" "Мұндай жарнама керек емес. Әжесі көріп ауырып қалмасын, ең болмағанда жақсы көйлек кисе қайтеді", "Димаш үйленсе бүкіл әлем аңдып отыр ғой, бәрі шулайды", – деп жазған олар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.