Сауысқанның үйіне оралған суретке 150 мың лайк, 25 мың оқырман пікір қалдырған.
Сауысқан мен иттің достығы: екеуін табыстыру үшін премьер-министр заңды өзгерткен
@PEGGYANDMOLLY
1,760
оқылды

Молли есімді аустралиялық сауысқан бүгінде Instagram жұлдызына айналған. BBC News-тің хабарлауынша, Молли жақында ғана 6 апталық «Жабайы жануарларға арналған пананың»  қамауынан шыққан. Сауысқанды иесіне қайтаруды талап еткен 150 мыңдай адам  петиция жариялаған. Бұл мәселенің ел ішінде резонанс тудырғаны соншалық, құстың үйіне оралуына штаттың премьер-министрі араласып, заңды өзгерткен.

Қызығы, сауысқанның үйге оралу сәттегі суреті бір тәулікте 150 мың лайк, 25 мың пікір жинаған. Ол жерде сауысқан өзінің ескі досы Пегги деген итпен қауышқан еді.

Сауысқан бұл жанұяға 2020 жылы түскен. Рис пен Джульет деген ерлі-зайыпты оны балапан кезінде аман алып қалған. Содан құс солардың қолында қалып, Молли деп аталған. Мортенсен әулетінде одан басқа терьер тұқымдас екі иті болды. Пегги және оның күшігі Руби. Бәрі бір отбасына айналды.

Отбасына келген күнінен бастап Молли Instagrаm гүліне айналды. Өйткені ерлі-зайыпты өздерінің  парақшасын негізі үшеуімен толтырып тастаған. Көпшілік сауысқан мен иттің достығына, бір-біріне деген бауырмашылдығына тәнті еді. Соған қарамастан арагідік жабайы құстың үй жануары ретінде ұстау қаншалықты дұрыс деген мәселелер көтерілетін. Арасында құстардың еркіндігін, құқығын қорғайтындар бұл мәселені одан әрі ушықтырып жіберді. Олар осыған байланысты Квинсленд штатындағы Қоршаған орта, ғылым және инновациялар министрлігіне (Desi) шағымданып, дау көтерді. Салдарынан биліктегілер  сауысқанды рұқсатсыз, лицензиясыз немесе өкілеттіксіз, яғни жабайы табиғаттан заңсыз ұсталды деп тауып, Моллиді 1 наурыз күні отбасынан айырды. Оны жабайы жануарларға арналған панаға қамады. Сол кезде сауысқанды тексеріп, қараған ветеринар оның қолға үйренгені соншалық, үй құсына айналып кеткенін мойындады. Тіпті, сауысқанды еркіне жіберсе де, табиғат аясында ұзақ өмір сүрмейтінін жеткізді дәрігер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Peggyandmolly (@peggyandmolly)

Моллиден айырылған Мортенсен әулеті оқырмандарына «жабайы құс болса да, сауысқан өзінің қайда тұратынын, кіммен уақытын өткізетінін өз еркінде емес пе?» деген видеоүндеу жариялады. Бұл бүкіл елді дүрліктірді. Моллиді отбасына қайтаруды сұрап, петиция жарияланып, оған 150 мыңнан астам адам қол қойған. Ақырында бұл дауды басу үшін Квинслед штатының премьер-министрі Стивен Майлз өзі араласты. Ол ресми түрде, ел алдында «Моллидің отбасының қамқорлығына оралуы – ақылға қонымды шешім» деп  мәлімдеді. Сөйтіп, тиісті қадағалау органын ерлі-зайыптыға тиісті лицензия беруге шақырды.

Заңды  тұрғыда ұзақ сонар талқылаудан кейін, министрлік Моллидің үйіне оралуына келісіп, ерлі-зайыптыға құсты ұстауға рұқсат беретін лицензиясын сақтап қалды. Енді Рис пен Джульет соның талабы біреуін бұзбай, сақтауы тиіс. Әйтпесе, Моллидан айырылады. Ал қазір олар үй жануарының арқасында ешқандай коммерциялық табыс таппауы тиіс деген талапты бұзып отыр. Өйткені бұл шешім қабылдамай тұрып, Рис пен Джульет парақша жазылушыларына Пегги мен Моллидің суреті бар жейде мен күнтізбеге тапсырыс беріп қойған. Оған қоса, Penguin Books Australia баспасы сауысқан мен иттің достығы жайлы кітап шығарған. Ендігі жағдайы не болмақ, әлі белгісіз.