Аймақтың жабылуы тұрғындар мен қонақтардың жаяу серуендеуіне әсер етпейді.
9 маусымда Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол уақытша жабылады
1,269
оқылды

9 маусымда Алматыда "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ аумағында жыл сайынғы Alatau Run-2024  тау жарысы өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол екі қашықтық бойынша, яғни веложарыс пен жаппай жүгіруді (сондай-ақ жаяу көтерілуді) біріктіреді: Медеу – Горельник, Медеу-Шымбұлақ, 3 негізгі дисциплина бойынша: жүгіру, велосипед пен скандинавиялық серуендеу.

2024 жылдың 9 маусымында (жексенбі) сағат 07.30-дан 10.30-ға дейін Керей-Жәнібек хандар көшесі бойымен "Медеу" СК-нің іргелес бөлігіндегі тұрақтан "Шымбұлақ" МК-ге дейінгі қозғалыс ішінара жабылады.

Жолдарды жабу кестесі:

9 маусым сағат 7:30-дан 10:30-ға дейін

Іс-шараны өткізу мен аталған аймақта жүріп-тұрудың жабылуы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының жаяу көтерілуі мен серуендеуіне әсер етпейді.