Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР-да «Айдаhар-қайықтары» мерекеленуіне байланысты 2024 жылғы 10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлім етті.
Қытаймен шекарадағы өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді
1,384
оқылды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - деп жазады Aikyn.kz.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінде.