Қаза болғандар арасында кәмелет жасқа толмаған 14 бала бар.
Каспий теңізіне соңғы 5 жылда 58 адам батып кеткен
703
оқылды

Каспий теңізінде соңғы 5 жылда 58 адам жазатайым оқиғадан көз жұмды, - деп жазады Aikyn.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, қаза болғандар арасында кәмелет жасқа толмаған 14 бала бар.

«Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін Маңғыстау облысының прокуратурасы судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді», - делінген хабарламада.