Бақылаушы органның мәліметінше, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатыр.
Прокуратура елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті
2,768
оқылды

Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді, - деп жазады Aikyn.kz.

"Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа „қауіпсіз“ шотқа аударуды өтінеді. Бұл – алаяқтардың шоты", – дейді Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада.

Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертеді.