Ақтау қаласы маңында оқушылар мінген жеңіл көлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы Lada.kz жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Салдарынан екі бала көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға қаладан 21 шақырым жерде, Ақшұқыр ауылы маңында болған.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты кезінде көлікте төрт оқушы болған. 2008 және 2009 жылы туған екі жасөспірім қаза тапты. Тағы біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал тағы бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді, сондықтан ол үйіне жіберілді.
"Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша көлік құралын басқаратын адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді өңірлік Полиция департаментінен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.