Желі қолданушының түсірген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видеода ер адамның аяғына массаж жасаған әйелі соңында оның табанын сүйген, - деп жазды Aikyn.kz.
Бұл сәтті ер адамның өзі видеоға түсірген.
«Осылай массаж жасап, артынан бонус ретінде бір сүйесіздер», - дейді әйел бейнежазбада.
Ер адам бұған риза болып, әйел сыйласа, осындай әрекет жасайтынын айтқан.
«Әйелдеріңіз бен жандарыңызға, әйелдеріңізге жіберіңіздер. Милары сынатын сияқты ғой. «Құдай сақтасын, мен олай жасамаймын» дейтіндер болады арасында. Қолдайтындар болады. Әйелдеріңіз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді», - дейді ол.
Желіде бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазылған. Көпшілігі мұны әйелді қорлау деп түсінген әрі сыйластық деген аяқты сүю емес екенін жазған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.