Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Қазақстанда ауа райы қандай болады?
4,615
оқылды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 9 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның болуы, желдің екпін алуы.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Жетісу облыстарында күн қатты ысиды, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Абай өңірінің батысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады деп күтіледі. 

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Атырау облысында, Түркістан облысының солтүстік, батыс, шөлейтті аудандар бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау өңірінің орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.