Әлеуметтік желіде Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында, мектеп оқушылары автокөлікті басқарып, жол көлік оқиғасына ұшырағаны тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мangystaumedia.kz жазғандай, көлік ішінде 8-9-сыныпта оқитын 4 бала болған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.