Заң бұзушылыққа жол берген «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жазаланды
Фото: istockphoto.com
708
оқылды

Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша заң бұзушылыққа жол берген «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс соңына қарай «Қазсушар» бас директорының міндетін атқарушы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.   

– «Қазсушардың» басшылық лауазымдағы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің құзыретіне кіреді. Жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.