CAMCA форумы он жылдан бері дәстүрлі негізде ұйымдастырылып келеді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Бішкекте америкалық шығыстанушы С. Фредерик Старрмен кездесу өткізді
521
оқылды

12 маусымда Бішкек қаласында ең ауқымды аймақтық шара – CAMCA форумы өтті. Әлемнің әр түкпірінен аймақтық әріптестікті өзара дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында 200-ден аса көшбасшы тұлға мен CAMCA және ASEAN ассоциациясының құрамына кіретін 10 мемлекет өкілі жиналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

CAMCA форумы он жылдан бері дәстүрлі негізде ұйымдастырылып келеді. Былтыр форум Алматыда өткен. Биыл Бішкекте ұйымдастырылды. 

САМСА – осы ұйымға мүше елдерді өзара жақындастыру, байланыстыру, ортақ құндылықтар мен мәдениет қалыптастыру бағытындағы маңызды шара. Осы шараға қосылған үлес ретінде Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Орталық Азияның ортақ интеллектуалдық және рухани мұрасы жайлы “Ұмытылған ұлылық. Орталық Азияның шапқыншылығынан Әмір Темірге дейінгі алтын ғасыры” (Lost Enlightenment: Central Asia's Golden Age from the Arab Conquest to Tamerlane) деп аталатын туындысын қазақ тіліне аударып, көпшілікке таныстырды. Таныстырылым Silkroad Innovation Hub ұйымдастырумен өтті.

Кешке Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы Асет Абдуалиев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Қойшиев, Freedom Holding Corp. директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Келімбетов, Орталық Азия және Кавказ институты төрағасы Стивен Фредерик Старр, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қатысты.

“Ұмытылған ұлылық. Орталық Азияның шапқыншылығынан Әмір Темірге дейінгі алтын ғасыры” – Орталық Азияның мешеулігі мен маргиналдығы туралы аңыздарды жоққа шығарып, осы аймақтың адамзат ғылымы мен біліміне қосқан үлкен үлесін тамаша мысалдар мен дәлелдер арқылы баяндайтын іргелі еңбек. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, ішінара Ауғанстан, Пәкістан мен Қытай елдерінде ашылған ғылыми жаңалықтар, мәдени жетістіктер, басқыншылық соғыстар тарихымен жан-жақты таныстырады. ІХ-ХІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуірінің ошағы болған Орталық Азияның энциклопедист-ғалымдарының өмірі туралы аса құнды деректер ұсынады. 

Кітапты Kitap.kz порталынан оқуға әрі аудионұсқасын тыңдауға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.