Одан кейін отандық спортшы рейтингтегі төртінші спортшыны жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол жаңа зеландиялық Кай Кара-Франс болып шықты.
"Мен үздік 15 немесе 10-ның қатарындағы файтер емеспін. Мен үздік бестікке жатамын!" – деп мәлімдеді Асу Алмабаев.
Асу Лас-Вегаста америкалық Хосе Джонсонды жеңгеннен кейін осындай мәлімдеме жасады. Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.
Ал Кара-Франс тарапынан, әзірге ешқандай реакция жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.