17 маусым күні Құрманғазы ауданында патрульдік полицейлер Әділбек Темірболатов пен Айтуған Бақтығалиев және Нұрмағамбет Мұқышев өздеріне бекітілген аумақта, Бұзаусылан каналында көпірде іс әрекеті оғаш көрінген ер адамды байқаған , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп, суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көрген полицейлер шұғыл әрекет етіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.
«Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды. Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды», – делінген ІІМ хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.