Париждегі Олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан жеті Қазақстан спортшысы бақ сынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Жанна Мамажанова (марафон) мен Нора Джеруто (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру) іріктеу нормативін орындады.
Қалған атлеттер Олимпиада ойындарына рейтинг арқылы өтіп отыр. Жоғарыда аталған спортшылардан бөлек, Парижде Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеев (екеуі де биіктікке секіру), Ольга Сафронова (200 метрге жүгіру), Дэйзи Джемпекей (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру және 10000 метр) сынға түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.