Танымал брендтердің тауарларына сұраныс азайып келеді. Тұтынушылар оларға бұрынғыдай қызықпайтын болған.
Burberry мен Hugo Boss брендтеріне тұтынушылар бұрынғыдай қызықпайды
Қытайлық тұтынушылар дүниежүзілік люкс индустриясының негізгі тірегі болған. Фото businesspost.ie сайтынан алынды. Авторлығы: Bloomberg / Raul Ariano
1,363
оқылды

Әлемге танымал брендтердің акциялары Қытайдағы сәнді тауарларға деген сұраныстың әлсіздігінен құлдырап кеткенін Quartz сайты жазды. Оның себептерін осы материалға сүйеніп Aikyn.kz түсіндіреді.

Hugo Boss неміс сән үйі макроэкономикалық және геосаяси қиындықтардың салдарынан қиын жағдайға ұшырады. Фото Bloomberg сайтынан алынды. Авторы: Qilai Shen

Hugo Boss неміс сән үйі тұрақты макроэкономикалық және геосаяси қиындықтардың салдарынан қиын жағдайға ұшырағанын qz.com сайты жазды. Компания акциялары Қытайдағы сәнді тауарларға сұраныстың әлсіздігінен құлдыраған.

Кеше (16 шілде) Hugo Boss Ұлыбритания мен Қытайды қоса алғанда, негізгі нарықтардағы сұраныстың әлсіреуіне байланысты 2024 жылға арналған сату болжамын төмендететінін мәлімдеді. Бұдан кейін биржалардағы оның акциялары бірден 7%-ға төмендеген.

Премиум тауарлар өндіретін тігін компаниясы өзінің болжамын жаһандық тұтынушылық сұранысты тежеп отырған «жалғасып жатқан макроэкономикалық және геосаяси қиындықтарды» ескере отырып жариялаған.

Burberry де қытайлық тұтынушылар арасында танымалдығын жоғалтып, қиындықтарға тап болды. Фото theguardian.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Kevin Lee 

Hugo Boss бас директоры Дэниел Гридер өзінің мәлімдемесінде: «Біз маңызды жаһандық макроэкономикалық белгісіздік кезеңінде жұмыс істеп жатырмыз, бұл екінші тоқсандағы нәтижелерімізге де әсер етті», – деді.

Гридер «әлемдік макроэкономиканың қалпына келу уақыты белгісіз болып қалса да, компания жылдың екінші жартысында табысты болуды мақсат етіп отырғанын» айтқан. Ол бөлшек саудада мұны алдыңғы үш жылда қолданып келген «CLAIM 5» өсу стратегиясы арқылы жоспарлап отырғанын мақтанышпен жариялаған.

Атақты сөмкелер жасаушы Hugo Boss Еуропа мен Азиядағы қиындықтарды басынан кешіріп отырған жалғыз компания емес. Осы аптаның басында британдық сән индустриясының алпауыты Burberry де қытайлық тұтынушылар арасында танымалдығын жоғалтып жатқанын айтып, ұқсас қиындықтар туралы мәлімдеме таратқан.

Burberry компаниясы қазіргі бас директормен келісімшарттың күшін жойып, пайданың төмендеуіне дайын екенін айтқан. Бұл мәлімдемелер сән брендінің акцияларын шамамен 16%-ға төмендеткен.

Hugo Boss пен Burberry-нің қиындықтарына қарамастан, Prada және Moncler сияқты басқа сән әлемінің табысты компаниялары бөлшек саудада Азияның тұтынушыларына сенеді. Фото br.linkedin.com желісінен алынды. Аккаунт: dinasouza

Қытайлық сатып алушылар көптен бері дүниежүзілік люкс индустриясының негізгі тірегі болған. Hugo Boss пен Burberry-нің қиындықтарына қарамастан, Prada және Moncler сияқты басқа сән әлемінің табысты компаниялары бөлшек саудада Азияның тұтынушыларына сенеді. Сәуір айында бөлшек сауда сегментінің өкілдері олардың сатылымына жергілікті сатып алушылар мен туристер көмектескенін жариялады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.