Жасанды интеллект елдің идеологиясына зиян келтірмеуі үшін шенеуніктер оны «қызыл» мазмұнға толтырмақшы. Бұл олардың қолынан келе ме?
Жасанды интеллект ұлттық құндылықтарды бұрмаламайтын болады
Қытай билігі ЖИ-ге нақты уақыттағы онлайн қауіпсіздік мониторингін енгізеді. Фото habr.com сайтынан алынды
1,522
оқылды

ЖИ жүйелері «негізгі социалистік құндылықтарды» бұрмаламай жұмыс істейтіндеріне көз жеткізу үшін Қытайда үлкен тіл үлгілері сынақтан өткізіліп жатқанын Financial Times жариялады. Бұндай бақылаудың себептерін осы материалға сүйенген Aikyn.kz түсіндіреді.

Үкімет шенеуніктері ЖИ жүйелерінен «негізгі социалистік құндылықтарды» ешбір бұрмалаусыз таратуын талап етуде. Фото gettyimages.com сайтынан алынды

Үкімет шенеуніктері елдегі цензураның жаңа бағыты ретінде ЖИ жүйелері «негізгі социалистік құндылықтарды» ешбір бұрмалаусыз таратуын талап етіп, жасанды интеллект компанияларының үлкен тіл үлгілерін сынақтан өткізе бастады.

Қытайдың интернет-қадағалаушы Киберкеңістік Әкімшілігі (CAC) ByteDance, Alibaba, Moonshot және 01.AI сияқты ірі технологиялық компанияларды өздері жасаған ЖИ үлгілерін міндетті мемлекеттік аудиттен өткізуді талап етуде. Бұл үшін LLM-тің көптеген сұрақтарға жауаптары пакеттік тестілеуден өткізіледі, олардың көпшілігі Қытайдың саяси ұстанымына және оның төрағасы Си Цзиньпинге қатысты.

Сынақты бүкіл ел бойынша жергілікті CAC бөлімшелерінің шенеуніктері жүргізеді және олар үлгілік оқыту деректерін және басқа қауіпсіздік процестерін тексереді. Шетелдік веб-сайттары мен Коммунистік партия зиянды деп есептеген басқа ақпаратты бұғаттау үшін Қытай билігі бұдан 20 жыл бұрын «үлкен брандмауэрді» енгізгені белгілі. Бұл жолы Қытай ЖИ мен ол жасайтын контентті басқару үшін әлемдегі ең қатаң реттеу режимін енгізуде.

«CAC-да мұнымен айналысатын арнайы команда бар. Олар біздің кеңсеге келіп аудиторлық тексеру жүргізу үшін мәжіліс залында отырды. Біз тексеруден бірінші жолы өте алмадық; себебі олардың талабы түсініксіз болды. Тексеруден екінші әрекеттен кейін өттік, бірақ бүкіл процесс бірнеше айға созылды», – дейді атын атамауды өтінген Ханчжоудағы жасанды интеллект компаниясының қызметкері.

Қытай өзінің технологиялық жолын таңдайды. Фото scmp.com сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock

Ақпан айында жарияланған ЖИ компанияларына арналған Қытайдың операциялық нұсқауларында ЖИ топтары сезімтал кілт сөздер мен мәселелерді жинауы керек. Сезімтал кілт сөздер апта сайын жаңартылуы тиіс. Нәтижесі жасанды интеллект негізіндегі қытайлық чат-боттардың пайдаланушыларына көрінеді.

Қытайлық қоғам үшін аса сезімтал «Қытайда адам құқықтары бар ма?» немесе «Төраға Си Цзиньпин ұлы көшбасшы ма?» деген басқа да сұрақтарға саяси тұрғыдан дұрыс жауап беруін қалай қамтамасыз ету керектігін қытайлық инженерлерге билікпен бірлесіп анықтауға тура келуде.

Қоғамда наразылық проблемаларын болдырмау үшін негізгі ЖИ модельдерінде Қытай Төрағасына қатысты тақырыптарға тыйым салынған. Фото interfax.ru сайтынан алынды. Авторлығы: panthermedia

Financial Times бұл сұрақтарды 01.AI стартапы жасаған чат-ботқа қойғанда, оның Yi-үлкен моделі алғашқы жауаптар жоғалып кеткен. Оның орнына «Кешіріңіз, бірақ мен сіз қалаған ақпаратты бере алмаймын» деп жауап берген.

Жақында Пекинде өткен технологиялық конференцияда Қытайдың ұлы брандмауэрінің әкесі ретінде белгілі Фан Биньсин LLM үшін қауіпсіздік хаттамаларының жүйесін әзірлеп жатқанын айтып, оны елдің жасанды интеллект командалары кеңінен қабылдайды деп үміттенетінін айтқан.

«Көпшілікке арналған үлкен болжамды модельдерге қауіпсіздік есептері ғана емес; оларға нақты уақыттағы онлайн қауіпсіздік мониторингі қажет. Қытайға өзінің технологиялық жолы керек», – дейді Фан Биньсин.

Цифрлық технологиялардың әлеуетін әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүддесіне, саяси ұстанымына, қабылдаған идеологиясына бейімдеп қолданатынын дұрыс түсіну керек. Халықаралық қауымдастық та бұл мәселеде елдің, ұлттың даму деңгейін ескеріп, мемлекеттің ішкі саясатын сыйлауы тиіс. Сонда ғана көпполярлы әлемде соғыссыз, бейбіт өмір сүруге болады: «аға, іні» немесе «үлкен, кіші» деген мемлекеттер болмай, бәріне де теңдей көзқарас қалыптасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.