Шағын авиациялық әуекемелерін пайдаланумен ұшақ апаттарының дерегі жиілеп кеткені айтылды.
Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады
www.istockphoto.com
1,007
оқылды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтіп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz ААК мәліметіне сілтеме жасап.

Авиациялық жұмыстарға тартылған шағын авиациялық әуекемелерін пайдаланудың көктемгі-жазғы кезеңінің басталуымен авиациялық оқиғалар дерегі жиілеп кеткені айтылды.

"Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша, авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуекемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жолымен бағытталған шараларды күшейтеді.

Сондай-ақ пайдаланушыларға ұшуға жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуекемелеріне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді", – делінген хабарламада.

Оқиғалардың себептерін тергеуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиялары жүзеге асырады.