Осы уақытқа дейін бірнеше білім бәсекесінде алдыңғы қатардан көрініп келген Дамир Розибайұлы мектеп-гимназияны «Алтын белгіге» бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 131 балл жинап, өз білімін тағы бір рет дәлелдеді.
Түркістандағы мектеп түлегі шетелдің 42 жоғары оқу орнынан шақырту алған
aq-qara.kz
1,546
оқылды

Дамир Аюпов – Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының биылғы жылғы түлегі. Жастайынан білімге ден қойған оқушы бүгінгі таңда ата-анасын ғана емес, түркістандықтарды жағымды жаңалығымен қуантып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты aq-qara.kz-ке сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін бірнеше білім бәсекесінде алдыңғы қатардан көрініп келген Дамир Розибайұлы мектеп-гимназияны «Алтын белгіге» бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 131 балл жинап, өз білімін тағы бір рет дәлелдеген. Ал ең бастысы – әлемнің 14 алып мемлекеттерінде орналасқан 42 беделді жоғары оқу орындары Дамирді өз университеттерінде білім алуға шақырып отыр.

Атап айтқанда, АҚШ-тан 24, Біріккен Араб Әмрліктерінен 2, Түркиядан 3, Ұлыбританиядан 1, Шотландиядан 1, Малайзиядан 1, Польшадан 2, Испаниядан 1, Ирландиядан 1, Германиядан 1, Нидерландыдан 2, Чехиядан 1, Швейцариядан 1 және Венгриядан 1 университет Дамирге өз оқу орындарынан грантпен оқуды ұсынып отыр.

Дегенмен Дамирдің таңдауы Чехиядағы Prague Foundation courses университетіне түсіп отыр. Ол аталған университетте «Бизнес администратор» (Business administration) мамандығы бойынша білім алып, туған жерде еңбек еткісі келеді.

Тек білімімен ғана емес, «Eco Turkestan» тобында волонтер болып жүрген белсенді түлек Дамир Розибайұлының алдағы жоспарлары сәтті іске асып, өз білімін егемен еліміздің дамуы жолында жұмсайтынына сенімдіміз.