Apple басқа бәсекелестері сияқты бүктемелі телефон үлгісін жасауда. Оның тұсауы 2026 жылы кесіледі деп болжануда.
Apple бүктемелі iPhone шығарады
Біраз жылғы үнсіздіктен кейін «алмалы компания» да бүктемелі iPhone шығаруды қолға ала бастады. Фото tech.news.am сайтынан алынды
1,508
оқылды

Quartz сайты Apple-дің тағы бір құпиясы туралы жазды. Бұл жолы бүктемелі iPhone шығарумен айналысып жатқан «алмалы компанияның» жаңалығы туралы америкалық сайттағы жазбаға сілтеме жасаған Aikyn.kz толығырақ хабарлайды.

Apple бүктемелі смартфон жасаудағы қиындықтарды жеңе алса, бұл Стив Джобс 2007 жылы алғашқы құрылғыны ұсынғаннан бергі iPhone дизайнындағы ең үлкен өзгеріс болмақшы. Фото yankodesign.com сайтынан алынды

Келесі iPhone-дар біздің бұрынғы бүктемелі телефондарымызды еске түсіретін болады. Бұндай модельдерді смартфондар нарығындағы Apple-дің барлық негізгі бәсекелестері шығарып үлгерді. Енді біраз үнсіздіктен кейін «алмалы компания» да бүктемелі нұсқаны байқап, бүктемелі iPhone шығаруды қолға ала бастады.

Сарапшылардың ақпаратына сәйкес, Apple соңғы айларда жаңа iPhone-ның құрамдас бөліктеріне тапсырыс беру үшін Азиядағы өндірушілермен байланысып жатыр. Және бүктемелі смартфонды 2026 жылдың басында нарыққа ұсынуы мүмкін.

Samsung Galaxy Z Flip және Google компаниясының Pixel Fold нұсқалары сияқты Apple iPhone телефоны да екіге бүктелетін түрде шығатынын құпия дереккөздер хабарлаған. Apple бүктемелі смартфон жасаудағы техникалық қиындықтарды жеңе алса, бұл Стив Джобс 2007 жылы алғашқы құрылғыны ұсынғаннан бергі iPhone дизайнындағы ең үлкен өзгеріс болмақшы.

Бүктемелі iPhone-дар индустрияны ЖИ-мен жұмыс істейтін смартфондар дәуіріне бастайды деп күтілуде. Фото yankodesign.com сайтынан алынды

Apple компаниясының iPhone сатылымы Қытайда (оның ең үлкен нарықтарының бірі) күрт төмендеп, өткен жылы қиындықтарға алып келгенін Aikyn.kz «Смартфондар 20% жеңілдікпен сатыла бастады» атты мақалада жазған болатын.

30 наурызда аяқталған 1-ші тоқсанда компанияның iPhone сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға төмендеді.

Қытайдағы құрылғы сатылымы компания ұсынған баға жеңілдіктерінің арқасында қалпына келе бастады. Сонымен бірге, Apple-дің Үндістандағы өсіп келе жатқан тұтыну нарығы да жақсы өсім көрсетуде.

Сарапшылар Apple компаниясының жасанды интеллектпен жұмыс істейтін iPhone смартфондарының келесі толқыны бәсекелестікке көмектеседі және индустрияны ЖИ-мен жұмыс істейтін смартфондар дәуіріне бастайды деп күтеді. 

Apple компаниясының келесі iPhone операциялық жүйесі iOS 18 де осы күзде шығарылады және жаңартылған Siri, OpenAI ChatGPT сияқты кіріктірілген ЖИ мүмкіндіктері жаңа смартфондарға орнатылады.

Жаңа iPhone-дар iOS 18 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Онда жаңартылған Siri, жаңа ЖИ жүйесі орнатылады. Фото tomsguide.com сайтынан алынды. Авторлығы:  YouTube / #iOS Beta News

Apple-дің маусым айында өзінің дүниежүзілік әзірлеушілер конференциясында жариялаған Apple Intelligence, ЖИ бастамасы оған жыл басынан бергі сәтсіздіктерді жеңуге көмектесті.

Apple акцияларының бағасы үш ай бұрынғымен салыстырғанда 30%-дан астам қымбаттады.

Компания екінші тоқсандағы табысы туралы (30 маусымда аяқталған) 1 тамызда хабарлайды. Осы нәтижеге байланысты Apple табыстарының орнықты өсуін не құбылмалы екенін айта аламыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.