Ғұсман Қырғызбаев финалға өте алған жоқ.
Париж Олимпиадасы. Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге таласады
Фото: ҰОК
1,268
оқылды

Париж Олимпиадасында дзюдодан 66  келі салмақтағы жартылай финал белдесулері өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ғұсман Қырғызбаев финалға өте алған жоқ. Ақтық сын жолдамасы үшін таласта Қырғызбаев бразилиялық Виллиан Лимадан қосымша уақытта ұтылды. 

Осылайша, ол Париж Олимпиадасының қола медаліне таласады. Ғұсманның кіші финалдағы қарсыласы  сербиялық Страхиня Бунчич. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.