Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар министрлер аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.