Альпинистер Хан Тәңірі шыңына көтерілген кезде Чапаев шыңынан қар көшкіні құлады.
Қырғызстан тауларында қазақстандық альпинистерді қар көшкіні басып қалды
Фото: видеодан алынды
1,324
оқылды

Қырғызстан тауларында қар көшкіні альпинистер тобын басып қалды. Олардың арасында алматылық және Мәскеу тұрғыны бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Альпинистер Хан-Тәңірі шыңына көтерілген кезде Чапаев шыңынан қар көшкіні құлады. Мәскеулік альпинист оқиға орнында қайтыс болды. Қазақстандық үш альпинист аман қалды.

Барлығы екі қар көшкіні болды. Бірінші көшкіннен аман қалғанымен, үш сағаттан кейін Чапаев шыңынан екінші көшкін қайталанды. Адамдар сол көшкіннің астында қалып қойды. Алайда олар жартастағы қатпарға жетіп үлгергендіктен, қар астында біраз ауа болды. Альпинистер рация арқылы орналасқан жерін айтып үлгерді. Жақын жердегі төрт жолсеріктен тұратын топ 40 минуттан кейін оларды құтқарды.

Қайтыс болған мәскеулік альпинист басқалармен бірге жартастағы қатпарға жетіп үлгермеген. Толығымен топ мүшесі Павел Блажнов бөлісті.

«29 шілде – менің екінші туған күнім. Хан Тәңірі экспедициясы 2024. 5050 м биіктікте, сағат 08:15-те Хан Тәңірінің оңтүстік жағындағы «бөтелкеге» кіре берісте, төрт адамнан тұратын топ қар көшкіні астында қалды: Борис Дедешко (Алматы), Павел Блажнов, Марианна Петрова (Алматы) , Чапаев шыңының баурайынан түскен Алексей Смирнов (Мәскеу). Бізді жартас қатпары құтқарып қалды. Аяғымыз бен кеудемізді сулы қар басып қалды. Басымыз бен қолымыз қозғалыста болғанымен, аяғымызды қозғау мүмкін емес. Шығуға тырысқанымызбен, бірақ нәтиже болмады. Ылғал қар, мұзға айналып, саусақтарымыз үсіп барады. Толық қар көшкінінің құрсауында қалдық. Бірте-бірте тұншығып, тоңа бастадық. Оттегіні үнемдеу үшін жиі дем алуымыз керек екенін түсіндік, бірақ бұл да қиынға соға бастады. Қолдарымыз бен бетіміз де қарая бастады. Өмірдің түрлі сәттері есімізге түсті. Топта аса үрей болған жоқ, барлығымыз жақында бәрі бітетінін түсіндік», – деп жазды Павел Блажнов Instagram парақшасында болған оқиға туралы.

Мәскеулік альпинисті қазу жұмыстары 2 тамыз күні басталып, Мәскеуге жеткізілетіндігі хабарланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.