Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды.
Тарихи сәт: Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында күміс медаль алды
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
4,270
оқылды

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметі бойынша, қазақстандық Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. 

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram  арнасынан таба аласыз.