New Atlas порталы жазғандай, ол жұмысты адамнан сегіз есе жылдам орындады.
Робот дәрігер алғаш рет адамның тісін емдеді
1,470
оқылды

Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет науқасты емдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жасанды интеллект тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.

Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек, бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.

Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін нақты жасай алады екен.