Бүгін ауа райы қандай болады?
Бірнеше облыста күн қатты ысиды: 6 тамызға арналған ауа райы болжамы
837
оқылды

«Қазгидромет» 6 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін де атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады, елдің батыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады.

Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте және елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

«Күндізгі уақытта Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде және Абай облыстарында қатты ыстық болады.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі», — деп ескертті синоптиктер.

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Кызылорда облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы және Жетісу облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.