Бүгінде республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі жақсы жағдайда.
Жаңа оқу жылында күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады – Ғани Бейсембаев
2,849
оқылды

Үкімет отырысы барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру нысандарының қазіргі жағдайы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі жақсы жағдайда. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1 290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталады.

Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру нысандары бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Ауқымды су тасқыны салдарынан барлығы 40 білім беру нысаны зардап шекті. Бүгінде 5 нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстары  аяқталды.  16 нысан бойынша жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.