Гонконгте FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты өз мәресіне жетті. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты.
Гонконгтен жүлдемен оралды
513
оқылды

Қазақстандық оқушы инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.

Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Искандер Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Шәкірттерді Рамина Сабирова және Балғын Иса­қожа жаттықтырған.

Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ың­ғайлы және қарапайым қозғалыс үшін жасалған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақ­стандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.

Еске салсақ, команда халықаралық чемпионатқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпио­натында жолдама алған еді.