Бүгін ауа райы қандай болады?
Бірнеше өңірде күн қатты ысиды: 8 тамызға арналған ауа райы болжамы
3,157
оқылды

«Қазгидромет» 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктер бүгін еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болса, Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус күн ысиды. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел тұрса, ал облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с күшейеді. Өрт қаупіне сақ болуы керек.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай соғып, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күшейе түседі. Күндіз облыстың батысында, орталығында 35-36 градус күн ысып, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында қатты жауынның арты бұршаққа ұласып, дауыл тұрады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігін тұман басады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні күшейеді. 

Атырау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз облыстың шығысында найзағай соқса, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, жел көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл  болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында күші 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 күн ысиды.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күшейіп, найзағай ойнайды. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын жауып, бұршаққа ұласады.  Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпіні қатты жел тұрады.

Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градусқа дейін күн ысыса, Шымкентте күндіз 40 градусқа дейін ысиды. 

Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін күн ысып, облыс орталығында өрт қаупі жоғарылайды. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жауын жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.