Соған байланысты Президенттің спортшылармен кездесуі кейінге шегерілді.
Париж Олимпиадасынан оралған спортшылардан коронавирус анықталды
918
оқылды

Париж Олимпиадасына барған спортшылар мен бапкерлерден коронавирус анықталды. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортшылармен кездесуі кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», –  деді ол.

Берік Уәли Президент алдағы уақытта Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайтынын айтты. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.