Тараз қаласындағы бірқатар көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Салдарынан жолдар жабылып, көлік қозғалысына кедергісін келтіріп жатыр.
Жөндеу жұмыстарын тексерді
654
оқылды

Осы орайда «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала көшелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері алдымен М-1 жылу магистралі қайта жаң­ғыртылып жатқан Төле би даң­ғылының Бектұрғанов пен Әй­тиев көшелері аралығындағы жұ­мыс барысын назарға алды. Бұл аралық 1300 метрді құ­райтын болса, ондағы де­мон­таждау жұмыстары 95 па­йызға аяқ­талған. Құбырлар да то­лы­ғымен жет­кізіліпті. Де­генмен Төле би даң­ғылының Абай даң­ғылымен қиылысының жа­бы­луы көлік кеп­телісін ту­ды­руда. Сондықтан мердігер «Са­ры­ағаш – Аман» ЖШС сол маң­дағы жұмысты күшейткен. Атал­­ған көше қиы­лысы 21 та­мызға дейін ашылады. 

Келесі кезекте комиссия мү­шелері Пушкин көшесіне бар­ды. Мұндағы жөндеу жұ­мыстарын «Айя-Сервис» ЖШС жүргізуде. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмеген көшенің Ғ.Байтасов көшесі мен Абай даңғылының аралығы сүріліп, қайта салынуда. Яғни,бұл көшенің 2,8 ша­қы­рымы 1 метрге дейін кеңей­тіліп, ас­фальт төселетін болады. 

Комиссия мүшелері мердігер компания өкілдеріне тиісті жұ­мыстарды 1 қыркүйекке дейін то­­­лығымен сапалы аяқтау туралы ұсыныстарын жеткізді. Себебі жөн­деу жұмыстары оқушы­лар­дың жүріп-тұруына кедергісін келтірмеуі тиіс.

Бердібек ҚАБАЙ