Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді.
БҚО-да 3 адамның өліміне себепкер болған дәмхана басшысына қатысты сот үкімі шықты
Фото: БҚО әкімдігі
575
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты биылғы жылдың 4 қаңтарында  Rizyq кафесінде болған жарылысқа кінәлі тұлғаға қатысты сот үкімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Естеріңізге сала кетейік, жеке кәсіпкер және Rizyq кафесінің басшысы У. есімді сотталушы газ жабдықтарын қолданудың белгіленген ережелерін бұзып, салдарынан жарылысқа және кафе ғимараты бөлігінің құлауына әкеліп соққан.  

Оқиға салдарынан үш адам қаза болып, бес адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған болатын.

– Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті жұмысшыларына артпақ болды.

Алайда мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымы және сотқа ұсынған сотталушылардың кінәлілігін растайтын бұлтартпас дәлелдемелері айыптау үкімін шығаруға ықпал етті.

Нәтижесінде, сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, мекемелерде әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, – делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.