Танымал әнші Мақпал Жүнісова шулы видеодан кейін жеке парақшасында мұрағаттағы видеоларын жариялап, оқырмандарымен сырласты.
"Өмірден өтетін сияқты төсек тартып жатырмын": Мақпал Жүнісова қазіргі жағдайын айтты
Фото: instagram.com/ zhunusova.makpal
18,657
оқылды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова шулы видеосынан кейін жеке парақшасында мұрағаттағы видеоларын жариялап, оқырмандарымен сырласты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

"Өмірден өтіп кететін сияқты күйде төсек тартып жатырмын. Ешкімге тіл тигізген жоқпын, аман болыңыздар! Күз айы мен үшін депрессия. Осы айда қатты күйзеліске түсемін. Зәкеңнен айрылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі. Осы күнге дейін өлтірген адамды таба алмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді. Сол ашылған күні тек айран ішер едім", – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әнші халықтың 10 пайызы өзін «оңбаған, әнші емес, алқаш» (кейіпкердің сөзі қаз-қалпында жазылды) дейтінін айтқан болатын. Кейін Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосы үшін халықтан кешірім сұрады

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.