Қаралы хабарды саясаттанушы Ербол Еділов жариялады.
Иманғали Тасмағамбетовтың әпкесі қайтыс болды
Фото: әлеуметтік желіден
1,419
оқылды

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаралы хабарды саясаттанушы Ербол Еділов жариялады.

“Ауыр қазаға байланысты туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, 2006 жыл­дың жазында Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлердің өз ісіне нем­құ­рай­­дылығынан сәбилердің жап­­пай АИТВ (ВИЧ) індетін жұқ­тыруы қоғамды дүрліктірді. Нұрсұлу Тасмағамбетова сол кезде облыстық Денсаулық сақтау департаментін басқарған болатын.

Ол Қылмыстық кодекстің 316-тармағының 2-бабы бойынша өз қызметіне немқұрайлы қарады деп айыпталып, 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды және сот шешімімен денсаулық сақтау жүйесінде 3 жыл бойы қандай бір қызмет атқарған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.