Өмірді сақтандыру – әрбір азамат үшін маңызды дүние. Десе де, қала тұрғындары, оның ішінде де көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар сақтандыруды қолға алуы мүмкін. Әлі де ауыл-аймақтағы жұрттың басым көпшілігі өмірді сақтандыру дегенге үйренбеген. Бұл жайында естісе де, сенуге қорқады.
Өмірді сақтандыру өте маңызды
www.istockphoto.com
239
оқылды

Жалпы, өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болғанда немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін немесе сақтандыру шартында айқындалған жасқа дейін өмір сүрген жағдайларға байланысты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрінің жиынтығын білдіреді. Оның негізінде клиент пен сақтандыру компаниясы арасындағы қатынастардың ұзақ мерзімділігі жатыр. Бастысы – шарт жасасарда оның қандай түрі қарастырылғанын, пайдаланушыға не беретінін нақты түсінуі қажет.

Өмір болған соң жазатайым жағдайдың да болып жататыны анық. «Адам жоспарлайды, Алла шешеді» демекші, әрбір пенденің басына қандай күн туатыны ешкімге белгісіз. Жұмыс барасында жарақат алып, сырқаттануы да мүмкін. Салдарынан жұмысқа шыға алмауы ықтимал. Ал ол күндерге оған ешқандай төлем ақы не болмаса еңбек ақы төленбейді. Ертеңгі күні еңбекке жарамсыз болып, мүгедектікке шалынса, оған кім жауапты? Жауаптыларды тапсаңыз да, оған төленетін жәрдемақы мөлшері ішіп-жеуіңе жетпеуі мүмкін. Атам қазақ «жаман айтпай жақсы жоқ» дейді. Келеңсіздіктің алдын алып, жиған-терген дүниені емес, өмірімізді сақтай білуіміз қажет. Өмірді сақтандыру – еуропалықтарға қалыпты дүние. Бізге де бұл үйреншікті, өмірімізге қажетті көзіне айналуы тиіс.

Тіпті, жинақтаушы сақтандырудың ақысын жинап, табыс көзіне айналдыруға жақсы мүмкіндік. Атап айтар болсақ, балаларды оқытуға, қосымша (мемлекеттік емес) зейнетақыға, тұрғын үй сатып алуға, саяхаттауына да мүмкіндік туады.  Оның үстіне өмірді мерзімді сақтандырудың стандартты шарттарына қаражатты жинақтау және сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүрсе кепілдендірілген соманы да еншілейді.

Сондықтан өмірді сақтандырудың артықшылығын әрдайым құлақтандырса, халықтың бұған бойы үйренеді. Тіпті, зейнет жасындағы егде адамдарға да сақтандырудың тиімді жағын көрсетуіміз керек. Мәселен ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы жинағы жеткіліктілігі бар 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы ер азаматтар өмірін сақтандырып, өмір бойғы зейнетақы аннуитеті шартын жасауына болады.

Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін де зейнетақы жинағы жеткілікті болса, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес төлемді қамтамасыз етеді. Еңбек жағдайында денсаулыққа зиян болса және оның жұмыс өтілі кемінде 5 жылға толса, сақтандыруға 50 жасқа толған ер азаматтар қатыса алады. Мысалы, алда-жалда сақтандырушы қаза тапса немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылса, өмірді сақтандыру несие алу барысында таптырмайтын құралға айналады. Не болмаса адамның несиесі болса, оның банк алдындағы қарызы сөзсіз туыстарының мойнына түсетіні анық. Ал егер қарыз мөлшеріне тең сақтандыру сомасына сақтандыру шартын жасалса, ағайын-туған төлемнен құтылуы мүмкін.

Өмір бойғы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ай сайынғы төлем мөлшері актуарий ҚР ҰБ бекіткен әдістемемен бекітіледі. Оған зейнетақы жинағының сомасын, клиенттің жасы, жынысы, өмір сүру көрсеткішін ескереп есептейді. Ал ай сайынғы сақтандыру төлемі зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды. Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерімен төленеді. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша аннуитеттік төлем клиенттің таңдауымен жүргізіледі. Ол ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет ала ма, бұл жағын өзі шешеді. Елдегі экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты «Халық-Life» аннуитеттік төлемді жыл сайын 5 пайызға индекстеу көзделген.

Өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» – АҚ Қазақстан Халық банкінің еншілес компаниясы.  Нарықтағы жұмыс тәжірибесі де мол. Өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғарысы.