Америкалық bgr.com сайты биологиялық қартаюға қатысты жаңа зерттеудің нәтижелерін жариялады. Биологиялық жасты анықтауға көмектесетін жаңалықты Aikyn.kz сол мақалаға сүйеніп түсіндіреді.
Сіздің бетіңіздің жағдайы мен ауыз қуысындағы жасушаларға қарап, биологиялық жасты анықтайды. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Adobe / RioPatuca Images
Сіз қанша өмір сүретініңізді білгіңіз келе ме? Америкалық және британдық ғалымдар тобы Frontiers in Aging журналында өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Олар сіздің бетіңіздің жағдайы мен ауыз қуысындағы жасушаларға қарап, биологиялық жасты анықтауға болатынын дәлелдеген.
Ғылыми жаңалық биологиялық қартаю және маркерлерге қатысты жаңа зерттеулерге негізделген, ол ғалымдарға ауыз қуысынан үлгілер алу арқылы биологиялық жасыңызды анықтауға көмектеседі.
Зерттеу осы жылдың басында жасалған жаңа эпигенетикалық сағат бойынша денеңіздің қартаюын анықтауға арналған CheekAge жаңа буын құралына негізделген. Бұл сағат біздің денеміздің гендерін және олардың уақыт өте қалай өзгеретінін зерттеуге қолданылмақ. Жаңа әдіс біздің денеміздің әртүрлі бөліктері әртүрлі биологиялық маркерлерге ие деген идеяға негізделген.
CheekAge құралы эпигенетикалық сағаттарға қарағанда адамның қанша өмір сүретінін жақсы болжайды. Фото healthnews.com сайтынан алынды
CheekAge-дың сенімділігі мен оның өмір сүру ұзақтығын болжау қабілетін тексеру үшін зерттеушілер 67-90 жас аралығындағы 1500-ден астам адамнан қан үлгілерін алды. Содан кейін бұл үлгілер CheekAge алгоритмінде талданды. Зерттеушілердің айтуынша, үлгілерде CheekAge-те талдауға арналған ДНҚ маркерлерінің жартысы болмаса да, ол өлім қаупін болжаудың жоғары қабілетін көрсете алған.
Дәлірек айтқанда, бұл құрал адамның нақты жасы мен CheekAge арасындағы айырмашылықты анықтаған.
Нәтижелер зерттеуге қатысқан ең үлкен биологиялық жас тобындағы адамдарың 50%-ына өлім қаупі жақын екенін, бұл ең жас биологиялық жас белгілері бар топқа қарағанда шамамен 7,8 жыл бұрын екенін көрсеткен. Бұл жастар мен жасы ұлғайған адамдар арасындағы биологиялық жас пен өлім ықтималдығын білдіреді. Сонымен қатар CheekAge қазіргі уақытта қолданыстағы басқа эпигенетикалық сағаттарға қарағанда үлгі берушілердің қанша өмір сүретінін болжауда жақсы нәтижелер берген.
Мына әзіл видео арқылы жас болып қалуға күлкінің қалай көмектесетінін сынап көріңіз:CheekAge адамның қанын сынамадан өткізбей-ақ ауыз қуысынан алынған жасушалар арқылы да денсаулық жағдайын білуге болатынын дәлелдей алған. Бірақ әзірше сіздің қанша өмір сүретініңізді ғылыми әдіспен толық болжау мүмкіндігі әлі де алыс. Ал құрал жетілдірілген соң ол дәрігерлерге биологиялық жас пен өлім-жітім көрсеткіштері сияқты маңызды көрсеткіштерді анықтаудың тағы бір нұсқасын бере алады. Бұл әдіс инвазивті болмағандықтан, тек ауыз қуысынан алынған үлгілерді ғана қажет етеді және адамдарға ұнамды әрі ыңғайлы болады.
Ғалымдар ұзақ уақыт бойы жануарлар мен адамдардың биологиялық сағаттарын түсінуге тырысты. Шын мәнінде, зерттеулер аксолотлдардың биологиялық сағатты тоқтата алатынын да көрсетті. Осылайша адамдардың қартаюын тоқтату мүмкіндігі бар екені ғалымдардың қызығушылығын туғызуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.