«Ұстаным» клубының отырысы медиа-ресурстарды қоғам мүддесінде тиімді пайдалану мен қоғамдық пікірге әсер ететін теріс идеяларға қарсы тұру туралы ашық диалогтың маңызды алаңына айналды.
Медиаресурстардың қоғам санасына әсер етуі туралы өзекті мәселелер талқыланды
457
оқылды

Бүгін «Ұстаным» дискуссиондық клубы «Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы және идеологияны таратудағы медианың рөлі» тақырыбында үшінші отырысын сәтті өткізді. Іс-шара медиакоммуникация, саясаттану және журналистика саласындағы сарапшыларды жинап, медиаресурстардың қоғам санасына әсер етуі туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Отырыстың барысында сарапшылар медиа демократиялық құндылықтарды қалай қолдайтынын және деструктивті идеологиялардың таралуына қалай ықпал ететінін, бұл қоғамдық толқуларды туындатуы мүмкін екендігін талдады. Қатысушылар медиа-ресурстарды жауапкершілікпен пайдаланудың қоғам пікірін қалыптастыру мен теріс идеяларға қарсы тұрудағы маңыздылығын атап өтті.

Отырыс модераторы болып Әбенов Мұрат Абдулламитұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, «Серпін» ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті.

Отырысқа қатысушылар:

Раханов Мейірлан Ақылбекұлы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

Аубакирова (Лоскутова) Оксана Павловна — «City Transportation Systems» ЖШС Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, «Қазақстан» телеарнасындағы жаңалықтардың жүргізушісі.

Ахметова Ләйла Сейсембекқызы — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану академиясының академигі, Еуразиялық телевизия және радио академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.

Морозов Антон Александрович — тәуелсіз сарапшы, саяси ғылымдар кандидаты.

Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы – саяси ғылымдарының докторы, саясаттану профессоры, Нархоз университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебі «Саяси бұқаралық коммуникация» білім беру бағдарламасының жетекшісі.

Қасымова Диназат Қайырбайқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты.

Төребаева Мадия Кеңесқызы – Қазақстан Азаматтық Альянсының мүшесі, «Central Asia Chronos» талдау порталының редакторы.

Шакуов Арсен Қуанышұлы – Алматы қаласы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы» ҚБ президенті.

Серғазинова Александра Кабдуллаевна – Қостанай облысының журналистер одағы ҚБ төрағасы.

«ҰСТАНЫМ» клубының отырысы медиа-ресурстарды қоғам мүддесінде тиімді пайдалану мен қоғамдық пікірге әсер ететін теріс идеяларға қарсы тұру туралы ашық диалогтың маңызды алаңына айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.