Әлеуметтік желілерде "Нұр Жолы – Қорғас" өткізу пунктінде кезек екі аптаға бос емес екені, бос орындарының тапшылығынан сыбайлас жемқорлық қаупі туындататыны айтылып, адал тасымалдаушылар наразылық білдіріп жатқаны жайлы ақпарат тараған.
Қазақ-Қытай шекарасындағы кептеліске байланысты арнайы топ құрылды
Фото: trip-for-the-soul.ru
513
оқылды

Қазақ-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы – Қорғас" өткізу пунктіндегі кептеліске байланысты Бас көлік прокуратурасы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерінен топ құрылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әлеуметтік желілерде "Нұр Жолы – Қорғас" өткізу пунктінде кезек екі аптаға бос емес екені, бос орындарының тапшылығынан сыбайлас жемқорлық қаупі туындататыны айтылып, адал тасымалдаушылар наразылық білдіріп жатқаны жайлы ақпарат тараған.

“Осыған байланысты, СarGoRuqsat сервисінің жұмыс режимін бұзудың туындаған жағдайларын жою үшін тікелей кеден бекетіне Бас көлік прокуратурасы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері топ құрамында барды. Жұмыс тобымен жүйеде жасанды бос орын тапшылығын тудыратын "көмекшілер" деп аталатын тұлғалардың және жүйеге роботбағдарламаларының араласуын жоққа шығарылуда. Бұл бағдарламалар қорғанысты айналып өтіп, миллисекундта кезек алады. Осыған байланысты кезек алу процесін өзгерту туралы шешім қабылданды”, –  делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратында.

Енді кезекті алу және өткізу пунктінен өту уақытын/күнін таңдау мүмкіндігі пайдаланушыға форматтық-логикалық бақылаудан өткеннен кейін беріледі. Мұндай дәйектілік кезектегі орындарды алыпсатар тұлғаларды алып тастауға, ал адал тасымалдаушыларға қажетсіз асығусыз қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруден өтіп, содан кейін ғана өзіне ыңғайлы жүру уақытын таңдауға мүмкіндік береді.