Сайлау нәтижесінің белгісіздігі криптовалюталардың болашағына деген қорқыныш пен күмәнді күшейтті. Жаңа президент кім болады? Бәрі осы сұрақтың жауабына байланысты.
Трамп көп дауыс жинауда, Америкадағы сайлау Bitcoin-ды $74 000 көтерді
Президент сайлауы басты криптовалюталардың бағасын өсірді. Фото YouTube платформасындағы Andrei Jikh каналынан алынды
1,170
оқылды

Aikyn.kz 12 сағат бұрын Quartz сайтында жарияланған басты криптовалюталардың бағасына арналған материалға сүйеніп, олардың құбылуының себебін түсіндіреді.

Дәл қазір Трамп 230 сайлаушының дауысына ие болса, Харрис 165 дауыс жинаған. Фото fortune.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images /Scott Olson; Win McNamee

Дональд Трамптың жеңісін күткен инвесторлар криптовалюта бағамын 7%-ға өсірген. Фото livemint.com сайтынан алынды

Харрис жеңсе, жетекші криптовалютаның бағасы бірден төмендейді деп күтеді. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Kevin Lamarque

Дәл қазір Binance биржасында 1 биткоин 74 041 долларға сатылуда. Дональд Трамптың жеңісін күткен инвесторлар криптовалюта бағамын 7%-ға өсірген. Трамп сайлауда жеңіске жетсе криптовалюталарды реттеу жұмсақ болатынынан үміттенген нарықта биткоинға сұраныс та өсіп келеді.

5 қарашадағы сайлау күнінде биткоин бағасы жылдам өсті, өйткені Дональд Трамп пен Камала Харрис арасындағы президенттік бәсеке аяқталуға жақын. 10 минуттан кейін АҚШ-та соңғы сайлау учаскелері жабылады, қазірше Трамп 230 сайлаушының дауысына ие болса, Харрис 165 дауыс жинаған. Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін 270 сайлаушының дауысы керек. 

Демократиялық партияны жақтаушы ақпарат құралдары демалыс күндері жариялаған бірнеше сауалнама Харристің Трамптан басым түскенін көрсеткен еді. Бірақ сайлаудың алғашқы нәтижелері олар болжағандай болмады. 

Трамп президенттік қызметіне кіріскен бірінші күні SEC төрағасы Гэри Джэнслерді жұмыстан босатуға уәде берді (SEC – АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссиясы). Иллюстрация crypto-news-flash.com сайтынан алынды

Трамп немесе Харрис кезінде биткоин бағасы қалай өзгереді?

Трамп жеңсе, биткоиннің өсетініне сарапшылар күмәнданбайды. Бұрынғы президент өзін «крипто кандидат» ретінде көрсетті, ол өзінің науқанында цифрлық активтерді көп пайдаланды. Ол тіпті сайлау науқанына қайырымдылық Bitcoin, Ether, Dogecoin және Solana сияқты әртүрлі криптовалюталарда қабылдады.

Әрине, криптовалюта нарығында бәрі Трампты қолдамайды, бірақ көпшілік оның криптографиялық ұстанымын құптайды. Мысалы, Трамп ұлттық биткоин қорын құруға, президенттік қызметіне кіріскен бірінші күні SEC төрағасы Гэри Джэнслерді жұмыстан босатуға уәде берді (SEC – АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссиясы). Бұл криптовалютаны қорғаушыларды қатты қуантты. Өйткені Джэнслердің саясаты криптовалюта кеңістігінде ұнамайды. 

Ал бұрын криптовалюталарды талқылаудан алыс жүретін Камала Харрис соңғы кезде бұл тақырыпты жиі көтере бастады. Ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін нақты ережелердің қажеттілігіне назар аударып, криптовалюта нарығын қадағалауды күшейтуге шақырды.

Харристің биткоинге кеш және жылы реакциясын ескере отырып, көпшілік егер ол жеңсе, жетекші криптовалютаның бағасы бірден төмендейді деп күтеді.

Сайлаудан кейін де негізгі криптовалюталардың құны бүгінгі деңгейден көп төмендейді. Фото ixbt.com сайтынан алынды

Басқа негізгі криптовалюталар да өсуде

Биткоин бағасының өсуі бүкіл криптовалюта нарығына әсер етті. Нарықтағы екінші ірі криптовалюта Ether қазіргі уақытта шамамен $2444 болып бағаланған. Solana, Cardano, Dogecoin және Shiba Inu сияқты басқа негізгі криптовалюталар да 3-12% аралығында қымбаттаған.

Сайлау нәтижелері бүгін кешке белгілі болғаннан кейін алдағы бірнеше аптада криптовалюта нарығы тұрақтанатынын қаржы сарапшылары болжауда. Дегенмен негізгі криптовалюталардың құны бүгінгі деңгейден көп төмендейді деген пікірлер басым. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.