Бұл – планетаның ғарыш аппараттарының көмегімен түсірілген ең анық суреттері.
NASA Юпитердің таңғажайып суреттерін жариялады
Фото: Thomas Thomopoulos / Gerald Eichstädt / MSSS / SwRI / JPL / NASA
1,291
оқылды

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы күн жүйесіндегі ең үлкен планетаның жаңа суреттерін жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz tochka.by-ға сілтеме жасап.

Бұл  планетаның ғарыш аппараттарының көмегімен түсірілген ең анық суреттері.

Таңғажайып кадрларды Джуно зонды 2024 жылдың 23 қазанында Юпитермен 66-шы жақындау кезінде түсірген. Осылайша, Юпитер жүйесінде 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ғарыш кемесі планетаның тарихындағы ең айқын суреттерді көпшілік назарына ұсынды.

Газ алыбы солтүстік полюсінің жақыннан түсірілген суреттері де бар.

Юпитер  Күн жүйесіндегі ең үлкен планета және Күннен қашықтығы бойынша бесінші орында.

Оның диаметрі шамамен 143 мың шақырым, бұл Жердің диаметрінен 11 есе үлкен. Ал массасы барлық басқа планеталардың жиынтық массасынан асып түседі.