Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Драматургия» номинациясы: Сізді сүйем
395
оқылды

Бүркеншік аты: Ақан сері

 

СІЗДІ СҮЙЕМ 

+ 16

 

ЕРКЕК

ӘЙЕЛ

КҮЙЕУІ

 

1-КӨРІНІС

 

Пәтер. Іші тастай қараңғы. Әйел кіріп жан-жағына үрейлене таңырқай қарап, үй иесін іздейді.

Әйел. Ей, біреу бар ма? Cәлеметсіздер ме?! Алло! Кім бар? Ей, біреу бар ма?

Осы кезде орта жасқа жақындап қалған Еркек оның ту сыртынан қарап тұрады.

Әйел. Қорқыттыңыз. 

Еркек. Қалай кірдің? 

Әйел. Есік арқылы.

Еркек. Келгеніңді естімедім де. Кімсің? 

Әйел. Жаңа көршіңіз боламын. Осында үйден бөлме жалға алып едік.

Еркек. Мына бөлмені сендер ме жалдап алған?

Әйел.  Иә, жарнама арқылы алдық.

Еркек. Дұрыс болған. Қоныстарың берекелі болсын.

Әйел. Арманымыз көп. Құдай қаласа, орындалар.

Еркек. Уылжыған жас екенсің. Жалғызбастысың ба?

Әйел. Күйеуім бар.

Еркек. Күйеуім дейсің бе?

Әйел. Ол көбінесе вахтада жұмыс істейді.

Еркек. Қасыңда болмайтын күйеудің не керегі бар?

Әйел.  Олай демеңіз. Адамға күйеуі, отбасы, бала-шаға қашанда керек.

Еркек. Не үшін?

Әйел. Ертеңгі күні ешкімге керексіз болып қалмауға. Ей, қайда кетіп қалдыңыз? Ей ағай? /Еркек аяқ асты алдынан шыға келеді/ Мама-а!.. Қорқыттыңыз ғой...

Еркек.  Мұнда кейде оғаш оқиғалар болып тұрады.

Әйел. Қалай сонда?

Еркек. Көңілге алатындай емес.

Әйел. Шынымды айтсам, үйдің аурасы ауыр сияқты. Қорқып тұрмын. Алғаным дұрыс болмады ма екен... 

Еркек. Үйреніп кетесіңдер.

Әйел. Шынымды айтсам, бұл үйді алғым келмеп еді. Күйеуім ақшамыз осыған ғана жетеді деп тұрып алды. 

Еркек. Күйеуіңмен былай жанжалдаспайсыңдар ма? 

Әйел. Атай көрмеңіз. Күйеуіммен ұрысып не көрініпті? Көбінде ол үйде емес.

Еркек. Жалпы еркек түздің адамы. Үйде жүрген еркек ұрысқақ келеді.

Әйел. Күйеуім ондай адам емес. Дұрыс айтасыз, татулыққа не жетсін.

Еркек. Ас бөлмесі мен қонақ бөлме бәрімізге ортақ. Жайғаса беріңіз.

Әйел. Заттарымды кіргізе берейін онда.

Еркек. Күйеуіңіз осында ма?

Әйел.  Жоқ, кешке келемін деген.

Еркек. Күйеңіздің келгенін күтуіңіз керек шығар.

Әйел. Ол келгенге дейін көшіп алмасам, ертең анауым қайда, мынауым қайда деп миымды жейді.

Еркек. Көмектесейін.

Әйел. Жоқ, өзім...

Еркек.  Жарайды.

 

Еркек креслоға отырып, кітап оқуға кіріседі. Екі көзі жас әйелде.  Әйел әр затын бір тасып, кіріп шығып жүреді.

Әйел. Альбер Камю.

Еркек. Дәл өзі, Альбер Камю. 

Әйел. Студент кезімде жиі оқыған авторым.

Еркек. Рас па? Кітап оқығанды жақсы көрдіңіз бе?

Әйел. Иә, содан қияли болдық. Кітап жазғым келетін.

Еркек. Неге жазбадыңыз?

Әйел. Неден бастау керектігін білмедім, содан кейін оны тастадым. Мен әңгіме жазу үшін жаратылмағанмын.

Еркек. Қаласаң үйренуге болады.

Әйел.  Мүмкін басқа уақытта. Рақмет.

Еркек. Әркім бақытты болуы үшін жан жүрегі қалаған дүниесімен араласуы керек.

Әйел. Иә, жадырап күліп, сайрап ән салуы қажет дейсіз бе? 

Еркек.  Иә, дәл солай. 

Әйел. Абайлаңыз! Оны қабырғаға қойыңыз. Абайлаңыз! Ештеңені бұзбаңыз! Радиоға тиіспеңіз! Жалпы әйелдер туралы не ойлайсыз?

Еркек. Әйелді сүюден басқа, еш сұлулық жоқ жалғанда.

Әйел. «Әлемді сұлулық құтқарады» деді Достоевский.

Еркек. Пикассо: «Еңбек пен әйел өмірді ұзартады» деген тұжырымды ой айтады.

Әйел. «Ғашықтық пен құмарлық – ол екі жол» дейді Абай.

Еркек. Сіз екеуміздің әңгімеміз жарасатын секілді. Бір күні сізді кофеге шақырсам қарсы емессіз бе? 

Әйел. Таныспай жатып, кофе ішкеніміз қалай болар екен?

Еркек. Құдай қосқан көршіміз. Сонымен, келістік пе?

Әйел. Білмеймін, ыңғайсыз секілді. Үйдегі адам біліп қалса, жанымды шығаратын шығар.  

Еркек. Ойланыңыз, өмір сіздікі. Менікі жай ұсыныс.

Әйел. Бөтен еркекпен кофе іше алмайтын сияқтымын. Кешіріңіз, ұсынысыңызды қабыл ала алмаймын.

Еркек. Сіздің таңдауыңызды әрдайым құрметтеймін. Кофені мынандай қылып жасаймын. Америкалықтардың өзі талай таңқалған.

Әйел. Кешіріңіз.

Әйел заттарын көтеріп, бөлмесіне кіріп кетеді. Еркек артынан ұзақ қарап тұрып:

Еркек. Ешкімге де қимайтын өте сыпайы жан.

Қолында коньягі бар шала мас күйеуі үйге кіреді. Еркекке қарап тұрып.

Күйеу. Осы сені бір жерден көрген сияқтымын.

Еркек. Сіз ана әйелдің, күйеуісіз бе?

Күйеу. Мен ба? Мен. Иә, соның жолдасымын.  Ішесің ба?

Еркек. Жоқ, жоқ керек емес.

Күйеу. Жә, қойшы! Ұрсып беретін анаң, әкең емеспін. Қолымды қайтарма, көкесі!

Еркек. Бала күнімде дәл сендей үйге әкем ішіп келетін. Оның сол кездегі бейшара түріне қарап, өзіме уәде бергенмін «ішпеймін» деп...

Күйеу. Уәдеңе берік екенсің! Келген қонағыңды осылай табалдырыққа тұрғызып қоя бересің ба? /Еркек орындық береді/ Ее-е, бұның енді дұрыс болды.  /темекісін тұтатуда/ Мә, тарт! Мынадан бас тартсаң, білмедім енді /Еркек темекінің бір талын алып тұтады/.  Жеңгеміз бар ма?

Еркек. Болған. /темекісін шегіп қойып/

Күйеу. Сосын? Не болды?   

Еркек. Тастап кетті! 

Күйеу.  Сені тастап кеткен болса, өзіңнен басқа ешкімді кінәлай алмайсың! Балаларың болды ма?     

Еркек. Үлгермедік.  Өзіңде ше?   

Күйеу. /күледі/ Қайдағы бала, а?

Еркек. Үйіңе ішіп келгенің не?

Күйеу. Қатты қызықтырып бара ма?

Еркек. Жауап бермесең, қойшы онда!   

Күйеу. Бәрібір емес па?! Бастысы көкесі, мен келдім, дұрыс па? Келдім! Түн ортасына дейін қаңғыса да еркек үйінде қонуы керек. Өмірлік қағида,  ұмытпа!  

Еркек. Мына түріңді көріп, қуана қоймас.

Күйеу. Ол менің қандай түрім болсын қуанады. Қасында жүргенім үшін қуанады. Ал, не дейсің?         

Еркек. Болған шығарсың! Әкелші бері. /ішімдіктің қалғанын ішіп қояды/.

Күйеу /қол шапалақтап, күледі/.  Сен теріс түсіндім бе, әлде ішпеймін дедің бе?  

Еркек. Өлерсің дедім, ақымақ!   

Күйеу. Өледі деп уайымдама!

Еркек. Әйеліңді аясаңшы.

Күйеуі.  Жасың үлкен болса да, саған мынаны айтайын. Әйелге сенуге болмайды. Әйел тек қиялмен өмір сүреді. Бүгін мені жақсы көріп тұрса, ертең сені сүйеді. Сосын тағы басқаны... Сондықтан оларға сену қиын. Бір рет болсын, әйеліңнің сені неге тастап кеткенін ойланып көрдің бе?

Еркек. Шаруаң қанша?

Күйеуі. Әне, көрдің бе? Оның себебі жоқ! Сен барлығын дұрыс жасадың. Ешқандай жерде қателік жібермедің. Бірақ бәрібір де ол сенен кетіп қалды. Махаббат, сезім дегеннің бәрі өткінші. Бұл дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ.

Еркек. Менің өмірімде шаруаң болмасын, жігітім.

Күйеу. Байқап тұрмын!

Еркек. Бет көрісетін адамдармыз, әдептен аспайық.

/Еркек кетіп қалады/

Күйеуі. Иттің баласы...Ей, қатын ашшы есікті /ысқырады/.  Мынауың өліп ұйықтап жатыр ма? Аш дедім, еу! 

Әйел шығып күйеуін көріп сасқалақтап қалады. 

Әйел. Келдің ба, сүйіктім? Үстіңдегі шаңды неге қағып кірмейсің?  /үстін қағып жатыр еді оны күйеуі аяғымен итеріп жібереді/

Әйел. Кешірші, өтінемін, кешіре көрші.

Күйеу. Жапшы ей, ауызыңды, болды!

Әйел. Ақырын, ақырын сөйлеші, сүйіктім!

Күйеу. Немене бопты сөйлесем?

Әйел.  Көршіміз ұрыспаңдар деген.

Күйеу. Оттамасын де! От-та-ма-сын!

Әйел. Тыныш естіп қоймасын!

Күйеу. Үй, естісе ести берсін! Не болыпты?

Әйел. Енді көшіп келгенімізді ұмыттың ба? 

Күйеу. Өзі жана ғана қиқаң-қиқаң етіп сөз шығарады. Әкесін танытып жібермей! /қолын сермеп құлап қала жаздады/ Жібер ей, өзім де тұра аламын. Сондай мас емеспін!

Әйел. Болды енді, киімдеріңді шеш!

Күйеу. Мына түріммен ба? Жоқ маған жуыну керек. Душы қайда мына үйдің? Мен душқа түсемін. Ал, сен кірме!

Әйел. Ж...ж...жарай...ды

 

Әйел күйеуінің киімдерін көтеріп тысқа шығады. Алдынан еркек шығады.

Еркек. Көптен күткен күйеуің осы ма? /әйел үндемейді/ Күйеуің күнде ішеді-ау.

Әйел. Аздап ішетіні бар енді. Жұмыстан шаршап жүреді.

Еркек.  Салынып ішетінін оның тістерінің аралары сарғайып кеткенінен білуге болады. Өзіне, отбасына, әйеліне деген жауапкершілігі жоқ. Ананың жұмыс істеп жүргеніне де күмәнім бар

Әйел. Күйеуімде не шаруаңыз бар? Ол маған бергені құдайдың сыйы, қосқан қосағым!

Еркек. Сол дұрыс па?

Әйел. Не дұрыс па?

Еркек. Екінші жартың емес!

Әйел. Бастысы оны жақсы көремін!

Еркек. Ол тіпті жақсы көруге лайықты адам емес.

Әйел. Неге оны сондай ұнатпай қалдыңыз?

Күйеуі айқайлайды.

Күйеуі. Ей, қатын қайдасың?

Әйел. Шақырып жатыр, кетуім керек. Мен үшін қорықпай-ақ қойсаңыз болады.  Ішіп келгенімен, ұрмайды. 

Күйеуі. Ей, қатын қайдасың?

Әйел. Не болса да, мен бүгінгі күнімнің шырқын бұзғым келмейді. Өтінемін артық сөздің керегі жоқ!   

Еркек радионы қосып, кітабын оқып, отыра береді. Әйел ішке кіріп кетеді.

 

2-КӨРІНІС

Конақ бөлме. Еркек әлі кітап оқып отыр, қасына жігіт келеді.

Күйеуі. Бірдеңе іздеп жүрсің бе, досым?

Еркек. Досым емессің.

Күйеуі. Брат, кеше ренжітіп алған жоқпын ба?

Еркек. Мыстан кемпір айтқан сөз бар: «Бізде қыз болғанбыз...» деген.

Күйеуі. Бізде жігіт болғанбыз дейсің ғой.

Еркек. Дәл солай.

Күйеуі. Кеше көңіл-күй болмады.

Еркек. Арақ деген бір ит бар.

Күйеуі. Көке, сен кайфын түсінбейсің. Өздерің ойнаған азидан кем емес. Тозақ болды, тозақ.

Еркек. Байқа, отпен ойнаймын деп бір күні өзіңді күйдіріп алма!

Күйеуі. Не айтқың келіп тұр?

Еркек. Әйеліңе неге сонша қаталсың?

Күйеуі. Әйелге қатал болмасаң, басқа шығады.

Еркек. Ол да біреудің аялаған қызы.

Күйеуі. Тыңдаңыз, біреудің отбасылық өмірін талқыға салмағанымыз дұрыс.

Еркек. Оған дау жоқ. Әйел сенікі. Дегенмен де, қатал болмағаның дұрыс.

Күйеуі. Сен неге  соншалықты әйеліме құмартып қалдың, ей?

Еркек. Сенің әйелің туралы емес, әңгіме сен жайлы.

Күйеуі. Байқа, басқа бақшаның жемісі тәтті деп, ауызға салып жүрме!

Еркек. Жоқ, жоқ. Тек жақсы ниетпен.

Күйеуі. Жақсы, брат, ең жақсы ниет дегенің өзі жақсы.

Еркек. Бақыт тыныштықта тұрақтайды. Осыны ұмытпа!

Күйеуі. Аузыңнан әйтеуір, кілең әдеби сөздер шығады екен. Не, киелі кітапты оқып жатырсың  ба, брат?

Еркек. Студент кезден қалған әдет.

Күйеуі. Қой, дүкенге барып, бас жазатын алып келмесе, кешкі матчтарға жетпей қалуым мүмкін.

Күйеуі шығып кетеді. Еркек музыка қояды. Өзімен өзі билей бастайды. Сыртынан күйеуінің киімдерін тазикке салып алған әйел сүйсініп қарап тұрады. Еркек оған қараған кезде сасқалақтап қалады. Еркек оны биге шақырады.

Әйел. Мен бе?

Еркек. Иә, сіз қарындас.

 Ол басын шайқап еді. Қолынан ұстап, ортаға алып шығады да билей жөнеледі.
Еркек.  Ұялмаңыз, қарындас.

Әйел. Мен...Мен ұялмаймын.

Еркек.  Керемет!

Әйел. Көптен бері билегім келіп жүр еді. Күйеуіммен үйлену тойымызда ғана билеп едік.

Еркек. Жас балғын кезіңде  қалағанның бәрін істеңіз, ертең қартайғанда өкінбейтіндей. 

Әйел. Менің қазір билегім келеді.

Еркек. Сондықтан жақсы билеңіз /Олар бір сәтте  бір-біріне қарап қалады. Араларында бір тоқ жүріп өтеді/.

Әйел. Кешіріңіз, күйеуіме тамақ істеуім керек.

Еркек. Ертең сізді кофеге шақырсам болады ма?

Әйел. Көреміз. Сау болыңыз!/Әйел шығып кетеді/

Еркек. Сен де бір күні мендік боларсың...  /Өз-өзімен биді жалғастыра береді/

 

3-КӨРІНІС

Күйеуі  төсекте жатыр. Әйелі тамақ жасап жүр.

Әйел. Ана қоқысты далаға шығара салшы, иә? Бетіңді жуып, дастарқанды жасауға көмектес.  

/Күйеуі үнсіз орнынан тұрады да заттардың бәрін лақтырады/

Күйеуі. Маған  ешқашан ондай үнде сөйлеспе! Шошқа, топас!

Әйел. Кешірші, көмектескеніңнен  кішірейіп қалмайсың ғой.

Күйеуі. Жап аузыңды. Бұл үйде патша менмін. Мен ғана бұйыра аламын.  Мұны ұмытпа.

Әйел. Кешірші, кешірші енді. Қорғансыз адамға сонша қатыгездік танытқаныңыз не?

Күйеуі. Саған бұл аз.

Әйелі. Өзім шығара саламын. Сақалыңыз өсіп кетіпті. Неге қырынбайсыз?

Күйеуіне жабысады.

Әйелі. Сүйіктім.

Күйеуі. Жабыспашы. Шаршап тұрмын.

Әйел. Сіздің сағындым. Келмегеніңізге көп болды.

Күйеуі. Ал мен сағынған жоқпын. Дымда, нөл! Нөл!

Әйелі. Біреуіңіз бар сияқты.

Күйеуі. Бар болса, бар шығар.

Әйелі. Қараңызшы, қандай жаспын. Ал, сіз неге мені көрмейсіз? Басқа әйелдерден қай жерім кем, қай жерім?

Күйеуі. Болды, ей қатын, жетеді.

Әйел. Құшақтамақ  түгілі, тіпті қолымды да ұстамайсыз, жылы сөз де  айтпайсыз. 

Күйеуі. Жапшы аузыңды, болды.

Әйел. Жаман қыздарға барасыз,  өте көп жаман ұятсыз видеолар көресіз, той жиындарда басқа үлкен әйелдерге қарайсыз. Мен ештеңе түсінбейді деп ойлайсыз ба? Неге андай видеолар көресіз? Инстаграмнан басқа кыздарды  неге іздейсіз? Сізге не жетпейді? Неге қорлайсыз мені?

Күйеуі. Себебі, қызықтырмайсың. Қызық емессің...

Әйел. Қалай ауыр сөз айтуға дәтіңіз шыдайды? Некелі жарыңызға қалай ауыр сөздер айтасыз?

Күйеуі. Соған лайықтысың.

Әйел. Неге мені қинайсыз? Неге?

Күйеуі. Тағы бастадың ба? Үйге келсем, бір тыныштық жоқ. Кеттім, бүгін үйге қонбаймын.

Әйелі. Сізді кешіремін. Кешіремін.

Күйеуі. Не сандырақтап тұрсың, албасты?

Әйел. Тым болмаса балалы болайықшы. Маған аналық махаббатты қиыңызшы.

Күйеуі. Сендей сорлыға баланың не керегі бар?

Әйел. Сонда бала сүйуге құқығым жоқ па? Әйелмін. Әрбір әйел бала сүйіп, ана болғысы келеді.

Күйеуі. Өмір сондай қатігез, не істейсің енді?

Әйел. Неге мені жек көресің, неге? Айтшы, айт.

Күйеуі. Зайбалсың, уже /әйелін бір ұрады/.

Әйел.  Неге ұрасың?

Күйеуі. Тіліңнен тауып отырсың.

Әйелі. Өлтіріп алсаң ше?

Күйеуі. Жер дайын, көме салармыз.

Әйел. Саған дауа жоқ.

Күйеу шығып кетеді. Тыныштық. Әйелі жерде көзін бір нүктеден алмай ұзақ отырды да, күйеуінің киімдерін иіскеп ұзақ тұрады. Бөлмеден шығады.  Еркек креслода музыка тыңдап отыр.

Еркек. Бұл әуен " Never, Never Gonna Give Ya Up” деп аталады. Мұны атақты Барри Уайта орындаған.               

Әйел. Сондай бақытсыз жанмын.

Еркек. Қолайсыз ауа-райы адамдардың жоспарларын бұзады.

Әйел. Сізге Уитни Хьюстон ұнайды ма?

Еркек. Тағдыры әнші.

Әйел. Мына үйден балалық шағымның иісі шығады.  Көгерген қабырғалар мен бөлмелердің иісі. Біздің ауылда балалар өте көп болды. Қуыспақ ойнауға келді. Таңертеңнен кешке дейін жүгіреміз.

Еркек. Тәтті естеліктер?

Әйел.  Мүмкін, жағымсыз естеліктер.

Еркек. Не жайлы?

Әйел. Біз шағын қалада тұрдық. Әкем маскүнем болды.

Еркек. Ренжітті ме?

Әйел. Мені емес, шешемді. Ішіп алса болды, шешемді ұрып ауылды шулататын. Енді сол тағдырды кешіп жатырмын. 

Еркек. Мүмкін кофе?

Әйел. Кофе, өтінемін  /Еркек оған кофе дайындайды/. Осы сіз үйленгенсіз бе?

Еркек. Үйленген адамға ұқсаймын ба?

Әйел. Кім біледі.Бәлкім, мен мүлдем соқыр және ақымақ адам шығармын.

Еркек. Тыныштық па?

Әйел. Төңірегімде не болып жатқанын және менің өмірдегі рөлім қандай екенін түсінбеймін.

Еркек.  Не білгің келеді?..

Әйел. Ештеңе. Кейде өзіңізді өлтіргіңіз келетін ойлар келе ме?

Еркек.  Ақымақсың ба?..

Әйел. Сондай бір бақытсыз жанмын. Осы қиыншылық деген менің-ақ басымнан арылмай қойды . Керегім жоқ ешкімге де. Не істеп жүрмін, айтыңызшы? Жағдайымды түсінер жан жоқ.

Еркек. Қой, олай айтпа. Пенде болғасын, сондай кездерім болып тұрады. Адам ешқашан арманының, қалауының, қажеттілігінің шыңына жеткен емес. Денің сау, қол аяғың бүтін. Ендеше сеннен асқан бақытты жан бар ма? 

Әйел. Бақыт денсаулықпен өлшенбейді.
Еркек. Мүмкін. Не ұстап тұр, кетіп қалмайсың ба?
Әйел. Қайда барамын?  Баратын жерім жоқ.

Еркек.  Әр әйелдің ішінде ғасыр дерті тұнып жатыр. 

Әйел. Кінә, кімнен?

Еркек. Күйеуіңмен сүйіп қосылдың ба?

Әйел. Жоқ... Бізді еркімізден тыс қосты.

Еркек. Кім?

Әйел. Қоғам. Бойжеткен кезімде мына күйеуім зорлады. Бұл елде сексуалды сипаттағы шабуылға ұшыраған жанды бір зорласа, жүйе екі зорлайды. Полицияға қоңырау шалып, сараптама мен тергеуден өткен күнің өзінде де күні бойы істі тіркемеді. Онымен қоймай, сағат 21:40-та үйге  полицейлер келіп, арызыңды қайтарып алғаның жөн деп көндіруге тырысты. Қатты қорықтым. Жүйкем сыр бере бастады. Олар маған ашықтан-ашық дәлелдеу қиын болады. Әділдік іздедім. Қоғам маған қысым жасап жатқанын білсін дедім. Қорғаса екен, даусымды есітесе екен деп ойладым. Алайда "жартасқа бардым, күнде айқай салдым, одан да шықты жаңғырық...” дегендей кішкентай адам екенімді түсіндім. Үйдегілер де зорлаған жігіт жағында болып, елге қара бет болдық деп осы күйеуіме қосып жіберді.   

Еркек. Да, не айтарымды да білмеймін.

Әйел. Мендегі құпия бар болғаны осы. Күйеуім жек көреді. Қасымда жатпайтыны да сондықтан шығар...

Еркек. Өзің жеткіздің. Мазаққа көніп, кетпей жүрген өзіңнен көр.

Әйел.  Ер адам секілді толық құқықты болсам, бәрінен баз кешіп, кетіп қалуыма болатын еді.

Еркек. Келші, айнаға қарашы. Қандай әдемі келіншексің.

Әйел. Ең жаман әйелмін мен.

Еркек. Жоқ, сіз ең сұлу әйелсіз. Жаман адамдардан қашыңыз. Күрделі қарым-қатынастарды тоқтатыңыз. Ол сіздің сүю қабілетіңізді біртіндеп ұрлайды. Ол сіздің әлемге деген сеніміңізді жояды. Өзіңізді бағалаудан қаласыз. Өміріңізді тозаққа айналдыратындарға жабыспаңыз. Сізге ұнамайтын адамдар керек емес. Есіңізде болсын бос уәделерге сенбеңіз. Аяушылыққа алданып қалмаңыз. Өзіңізді бағалаңыз. Сіз ең жақсысына лайық екеніңізді есте сақтаңыз.

Әйел. Әдемі сөйлейсіз.

 Еркек. Өмірде бәрі болуы мүмкін. Менің өмірімдегі болған ең жақсы өзгеріссің. Бұл өзгеріс бар және бола береді!

Әйел.  Олай айтпаңыз. Сізге көп қиындық туғызамын.

Еркек. Мендегі сезімдер шынайы!

Әйел. Адам сөзін неге түсінбейсіз? Тұрмыстағы әйелмін!

Еркек.  Оның не маңызы бар?.

Әйел. Уф! Сізге тағы айтамын, ұмытуыңыз керек. Сіздегі сезімдер уақытша. Мен кетемін, сосын бәрі баз-баяғы қалпына келеді. Ал, мен ең жақын досыңыз ретінде есіңізде қалатын боламын.

Еркек.  Мендегі сезімдерге неге сене алмайсың? Саған ғашықпын! Түсінесің бе, ғашықпын. Ал ғашық болу мен үшін махаббатың ең жоғарғысы.

Әйел. Оо-о, Құдай! Тентек боп қалғансыз ба? Менің сезімдерім ше?

Еркек. Ол сенің әлемің.

Әйел. Сонда сізге мендегі сезімдерге бәрібір ме? Бағанадан бері айтып жатқан сөздеріңізден кейін мен де сізге ғашық бола салады деп ойладыңыз ба?

Еркек.  Мендегі эгоизмді түсін. Бірақ егер сізді қазір жіберіп алсам, кейін өмір бойы өзімді жегідей-жеп өтетініме сенімдімін.

Әйел. Енді оған мені кінәлай алмайсыз!

Еркек. Иә, қолымнан келгенін жасаймын!

Әйел.  Білесіз бе? Сіз маған ұнайсыз, бірақ бұл махаббат емес. Жай ғана жақсы көру, сезім ғана! Бәрін ұмытыңыз.

Еркек. Егер сенің қалауың осы болса дайынмын. Барлығын ұмытуға тырысамын.  Ал ол қолымнан келмесе...

Әйел.  Айтып отырған жоқпын ба? Біз жақсы дос болып қаламыз!

Еркек. Енді бұл сізге нені білдіреді? Сен менімен болғың келмесе де,  мен сенсіз өмір сүре алмаймын. Айтушы еді ғой, білесіз бе.. Ана қандай фильмде еді?

Әйел. Нені айтып жатырсыз? Қандай фильм?

Еркек. Мен бұрындары ойлайтын едім, мен махаббатқа кәрімін, өмір ағымынан қалып қойдым деп ойладым. Бірақ қатты қателескен екенмін. 

Әйел.  Қандай шешен едіңіз. Кітаптар бекер оқылмапты. Маған келіңізші. Бақыттысыз ба?

Еркек. Себебі мен сені жақсы көремін.

Әйел. Қарғыс атқыр! Неге дәл солай істеп жатырсыз?

Әйел.Сіз өзіңізді ғана жақсы көресіз, ал мен ше?

Еркек.  Махаббаттан артық қайғы жоқ.

Әйел. Басы бос әйелдер қасыңызда толып жүргенде, не үшін мені таңдадыңыз?

Еркек.  Сен ұнайсың.

Әйел. Сіз өте қатігезсіз.

Еркек. Сенің бақытың менмін.

Әйел. Жоқ, менің әлсіздігім–менің соқырлығым. Әурелемей, басқа әйелге барыңыз.

Еркек. Солай болғанын қалайсың ба?

Әйел. Білмеймін.  Сіз не қалайсыз?

Еркек. Өзіңмен махаббат. Сөздерім үшін кешіріңіз.

Әйел. Неге біз дос болмаймыз?

Еркек.  Біз махаббат пен түсіністікте өмір сүрген жоқпыз ба?

Әйел. Бірақ, біз әйелдер ақымақ болуымыз мүмкін. Кейде.

Еркек. Бұл сұрақ сізде үнемі болады. Менің сүйіктім! Сен мен сүйетін жалғыз адамсың.

Әйел. Өлгенім жақсы болар еді.

Еркек. Өлім тыныштық бере ме?

Әйел. Менің өмірім осы төсек сияқты бос... Неліктен бәріне  әйелдер шыдауы керек?.. Әйелдердің қандай құқықтары бар? Ер адам өмір сүруі жеңіл сияқты әйелдерге қарағанда.

Еркек. Сіз сонда ер адам болғыңыз келе ме?

Әйел. Иә. Бүйтіп біреуден қорған, жылулық іздеп жалтақтағанша, соғысқа барып өлгенім артық еді.

Еркек. Соғыс ол шешім емес. Өз-өзіңнен ол жақта да құтыла алмайсың.

Әйел. Сіз де, мен де енді  бейтаныс адамдармыз. Ер адам әйел адамды бір көре салып, ынтық болғанына таңым бар.

Еркек. Ешқашан жақсы өмірді қалайтын әйелдерді айыптаған емеспін. Әйелдерге тек ақша керек деп шағымданатын еркектерді түсінбеймін. Алайда өздері  жұпар исі аңқыған, қолына ұқыпты маникюр жасаған, ұзын шашты, әдемі көйлек киген әйелдерге қарайды. Олар: « Сұлулық құрбандықты қажет етеді» дейді. Бос сөз. «Сұлулық  ақшаны талап етеді!».

Әйел. Жоқ. Енді маған жоламаңыз.

Еркек оны құшақтай алады. Ұзақ құшақтасу. Тәтті махаббат сезімдері бойларынан өтеді. Әйел еркектің құшағыннан сытылып шығып кетеді.

 

4-КӨРІНІС

Әйел өз бөлмесінде. Ішін тырнаған сезімдерді баса алмай  өз-өзімен алысып отыр.

Әйел. Қайғы. Маған қалғаны тек қайғы! Қазір шешуім керек. О, құдай сіз маған тағы қанша күтуге бұйрық бересіз? Ай? Жыл? Бес жыл? Мен ақылсыз күтуден жындыға, қозғалмайтын меңіреу тасқа айналдым. Иә, ол менің өзің қосқан күйеуім, қорғаным, бекінісім, тынысым, болғанымен, ол өзінің заңды әйеліне назар аудармайды. Мен күйеуімді білемін. Маған келгенде көздері қараңғы, құлақтары өлі! Ал кеудесіндегі жүректе маған деген сезім жоқ. Адамның жалғыз өзі сонша бақытқа ие болуы мүмкін емес. Тыныш, қарапайым, аздап қуаныш, аздап қайғы-қасіретпен өмір сүруім керек.

Күйеуі кіреді.

Күйеуі. Не қиялданып отырсың?

Әйел. Сіз қандай зұлымсыз. Сізге жүректің орнына құдайлар тас салған болуы керек.

Күйеуі. Мен сені құртамын.

Әйел. Мәңгілік сағыныш пен жек көруден шаршаған әйеліңмен алысқаннан не ұтасың?

Күйеуі.  Сен не, меннен қорқасың ба? 

Әйел. Сіз менің тыныштық тапқанымды қалайсыз. Сіз бүгін әйеліңізді өлтірдіңіз. Көрдіңіз бе, әйеліңіз өлді. Егер сіз оның қанын төгіп тастасаңыз, бірдеңе өзгере ме?

Күйеуі. Не айтып кеттің?

Әйелі. Сіз мені өмірге деген құштарлығым үшін жек көресіз.  Сіз менен қашып кеттіңіз. Сіздің денеңіз әр кеш сайын менің қасымда жатса да,  сіз менен жасырын түрде басқа бақыт іздедіңіз. Міне, сіз бірінші қашуға тырыстыңыз, бұл шындық.

Күйеуі. Бұл туралы енді ешқашан айтпа!

Әйел. Сіз мені хайуанға теңедіңіз. Жарайды, жануар-ақ болайын. Алайда күйікке түскен жануардың өзі төлін туғызады. Ал, сіз соған да жарамайсыз.

Күйеуі. Жетер! Менің тыңдағым келмейді. Аузыңды жаппасаң, қазір езуіңді тілемін.

Әйел. Қарғыс атқыр. Ұрыңыз. Неліктен сіз менімен бақытты бола  алмайсыз?

Күйеуі. Жапшы аузыңды.

Әйел. Сіз ұрасыз ба? Сіз мені бірден өлтіргеніңіз жақсы. Ақыр соңында, сіз өзіңізге қанша қайғы әкеле алатынымды елестете алмайсыз!

Күйеуі. Кек аламын дейсің бе?  Әйелдің кек алуынан қорықпаймын.

Әйел. Кек алу ойымда жоқ.

Күйеуі. Осыдан көзіме шөп салып көр.

Әйелі.  Ауырттыңыз! Ауырады! Жіберіңіз

Күйеуі. Егер бірдеңе бүлдіретін болсаң, бетіңді тіліп адамдарға қарайтындай жағдайың болмай қалады.

Әйелі. Онда махаббатыңызды арнаңыз. Ақ төсегіңізге адал жарыңызбен жатыңыз. Күтуге көп уақыт қалмады.  Рұқсат етіңіз. Сіздің жанасуыңыздан-ақ, басымдағы барлық реніштерді ұмытайын. Менің махаббатым! Махаббатым...

Күйеуі әйелімен жақындаспақ болып құшақтап аймаламақ болып жатқан сәтте, оны кеудесінен итереді. Ол қайта жақындамақ болады, ол тағы итереді.

Күйеуі. Сен бұған лайықты емессің. Келесі жылды күт, қатын!

Күйеуі қарқылдап, күліп шығып кетеді. Әйел айқайлап жерді тырмалап қала береді. Сәл уақыттан кейін, еркектің бөлмесіне келіп  мойнына асылады. Олардың арасында махаббат сезімі болады. Жылдап күткен әйелдің қалауы орындалады. Әйел ішінен тұншығып жылайды. Әйелге Еркек  шарап ұсынады.

Әйел. Мен енді мазаламаймын.

Еркек. Мазалағаны несі?

Әйел. Өмірімде бірінші рет күйеуімнің алдында алғаш қылмыс жасадым. Мұны әдейі жасадым. Сізбен жақындасу керек болды. Ешкімге айтылмайтын кішкентай құпияның болғаны дұрыс па?

Еркек. Кешір, қымбаттым. Сені жақсы көремін! Сен менің өмірімдегі болған ең жақсы өзгеріссің. Бұл өзгеріс бар және бола береді!

Еркек. Мен бұрындары ойлайтын едім,  махаббат тек кинода ғана болатын шығар деп.  Қатты қателескен екенмін.  Менімен махаббат туралы тек сіз ғана  сөйлестіңіз.

Еркек. Демек, үміт бар.

Әйел. Үміттенбеңіз, мырзам. Неге маған осындай аянышты көзқараспен қарайсыз?

/Сыйлық ұсынады/

Еркек. Мынау сізге кішкентай сыйлығым. Сізге ұнайды деп үміттенемін.

Әйел. Бұл...

Еркек. Бұл сенбіге, театрға билет.

Әйел. Сіз мұны істемеуіңіз керек еді. Маған сыйлық сыйлауға сіз міндетті емессіз.

Еркек. Неге өзім жақсы көретін адамға сыйлық жасай алмаймын, а?

Әйел. Сіз мұны не үшін жасадыңыз? Мен білгім келеді, неге?

Еркек.

Жылағың келгенде,

Мені шақыр...

Сені жұбатамын деп уәде бермеймін,

Алайда  сенімен бірге жылай аламын.

 

Бір күні қашып кеткің келсе.

Мені шақыр...

Сені қал деп көндіре алмаймын...

Бірақ сенімен бірге қашып кете аламын.

 

Бір күні ешкімді тыңдағың келмесе,

Мені шақыр...

Саған келуге және

тыныш отыруға  уәде беремін.

 

Бір күні тағы іздесең... Жауап бермеуім мүмкін.

Өтінемін, маған асығыңыз! Мүмкін дәл сол сәтте сен маған өте өте керексің.

Алдыма түсіп жүрме – саған ермеуім мүмкін.

Артымнан жүрме – сені жетелемеуім мүмкін.

Бірақ қасымда қатар жүріп, досым бол.

 

Әйел. Олай айтпаңыз, өтінемін!

Еркек. Бұдан әрі шыдай алмаймын! Қазір күйеуіңізге барып, бұл әйелді босатыңыз, ол енді менікі деп айтамын.

Әйел. Мені тыңдаңызшы! Өтінемін, мырза!

Еркек. Сені бұлай қорлағанына жол бермеймін.

Әйел. Сіз мені бақытты ете аласыз ба?

Еркек. Құдай берген ғұмырым жеткенше, сен үшін бәрін жасаймын.

Әйел. Маған көп дүние керек емес, тек  бақытты етіңіз.

Еркек. Неке махаббат үшін жасалуы керек емес пе?

Әйел.  Мен сіздің алдыңызда кіммін?

Еркек. Сізге кім көбірек керек екенін айтайын ба?

Әйел. Кім?

Еркек. Сізге ең қажет біреу.

Әйел. Күйеуім бе?

Еркек. Жоқ?

Әйел. Бірақ бұл дүниеде менің қадірімді кім біледі?. Мүмкін ешкімге керек емес шығармын.

Еркек.  Жоқ, сіз қателесесіз. Сіз маған тұрмысқа шығасыз ба?

Әйел сасып қалады. Құлағын жабады.

Еркек. Ал сіз мен айтқандай жасайсыз, естисіз бе?   Сіз мені жақсы көресіз, солай ма?

Әйел. Естігім келмейді. Естігім келмейді!

Еркек. Сізді  сүйемін.

Әйел. Кешіріңіз, сүйгеніңіз бола алмаймын. Тұрмыстағы адаммын. Күйеуім бар.

Еркек. Күйеуің сені жек көреді. Жек көреді. Түсінесің бе, жек көреді.

Әйел. Жоқ, сіз мені олай қинамаңыз, өтінемін.

Еркек. Мен сені жақсы көремін. Мен сені әрқашан жақсы көретінмін, сен қалағандай емес. Бәрі өзгеруі мүмкін.

Әйел. Мен олай ойламаймын.Мен ойламаймын.

Еркек. Түсінесің бе, мен сені сүйе аламын, құрметтей аламын, қадірлей аламын. Сен осыны  қалайсың ғой?

Әйел. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Мен не істеп жүрмін? О, құдай!

Еркек. Кешір, қымбаттым.

Әйел. Иә, мен өзім білмеймін. Мені түсінуге тырысыңдаршы.  Күйеуімді жақсы көремін. Мен оның бақытты болғанын қалаймын. Оған тек жақсылық тілеймін. Бірақ кейде...

Еркек. Жоқ, уайымдамаңыз. Мен өзім.

Әйел. Бәрі осымен бітті қош бол.

Еркек. Тоқтаңыз! Бір минутқа.

/Әйел оны құшақтап/

Әйел. Келесі жолы олай тәуекел етпеңіз. Сіздің алдыңызда өзімді жоғалтып ала беремін. Сіздің күрескерлігіңіз маған сенім береді.  Бойымда сөнген махаббатты ояттыңыз. Әйел болып қалуға көмектескеніңіз үшін сізге рақмет... Сендік емеспін. Абзалы бәрін ұмытыңыз.

Күйеуі кіріп келеді, екеуін көріп қалып қолын шапалақтап.

Күйеуі. Мына жалпақ жұртқа менің қатынымдай адал әйел жоқ деп жүрсем, мына жерде ойнас жасап жүрсің екенсің, ә!

Әйел. Не айтып тұрсың?

Еркек. Сен бере алмаған жылулықты беріп жатырмыз да.

Күйеуі. Не оттап тұрсың?

Еркек. Не естісең сол. Бүйтіп қорлағаның жетер.

Күйеуі. Қыртпашы, брат.

Еркек. Жүр менімен, мынауың адам болмайды.

Күйеуі. Біреудің қатынында не шаруаң бар?

Еркек. Шаруам бар, неге шаруам жоқ.

Күйеуі. Араларыңда не, бірдеңе болды ма?

Еркек. Болды. Не істейсің, ал?

Күйеуі. Иттің ғана баласы, кәрі төбет!

Екеуі алыса кетеді.

Әйел. Қойыңдаршы болды, жетер, жетер! Шаршадым бәріңнен шаршадым.

Еркек. Жүр, менімен кетейік.

Күйеуі. Ол ешқайда да бармайдын. Менің қатыным. Ол менің қатыным. Жол, әне, кете бер.

Еркек. Соңғы рет сұраймын. Жүр менімен.

Әйел. Бармаймын, осында қаламын.

Күйеуі. Көрдің ғой?! Жолыңнан қалма.

Еркек. Ой, әкеңнің білгендеріңді жасаңдар, білгендеріңді.

Еркек ашуланып шығып кетеді. Еркек пен әйел бір-біріне қарап үнсіз о?

Еркек ашуланып шығып кетеді. Еркек пен әйел бір-біріне қарап үнсіз отыр. Күйеуі сәл уақыттан кейін баяу ғана одан сұрайды.

Күйеуі. Сен онымен жаттың ба? Сен онымен жаттың ба деймін?!?

Әйел. Мен...

Күйеуі. Айт бәрін, айт!

Әйелі. Доғар! Жетер енді. Сен мені қашан адам ретінде қарап, түсінгің келіп еді?

Күйеуі. Демек онымен жатқаның да шындық болғаны. /Белбеуін алып, әйелінің арқасынан осып осып жібереді/

Әйел. Құтқарыңдар! Өтінем, ұра көрмеші. Өтінем. Ұрмашы. Жалынам...

Күйеуі. Жап, аузыңды дедім ғой, әй қатын. Жап... Жап...

Әйел. Неге мені түсінуге тырыспайсың? Әйел сенің жекеменшігің емес . 

Күйеуі. Сені қатын етіп отырған мен. Енді мен не істеймін, өзім білемін. Ей сорлы, сен кімге керексің, а?

Әйелі. Неге олай дейсің? Мен де адаммын, менің де өмірім бар.

Күйеуі. Жап аузыңды. Сен қатынымсың. Қатынымсың! Шашыңды қырқып, аузыңды тігіп, мұрныңды кесіп тастасам да, үстіңе бензин құйып өлтіріп кетсем де өзім білемін.

Әйел. Жаппаймын аузымды, жауып келдің. Жетер, жетер енді. Не істейсің ал? /Үстіндегі киімдерін лақтырып/

Күйеуі. /Айқайлап/Жап, жап дедім ғой, жап. Менен басқа мына жерде сенерің, сүйенерің жоқ!

Әйел. Айқайлама, айқайлама маған! Сенің ешқандай құқығың жоқ.

Күйеуі. Сен менің әйелімсің!

Әйел. Біздің отбасылық қорғанымыз осымен бұзылды. 

Күйеуі. Сенің дүниедегі орның – тозақ!  Бұл шешіміңді Құдайдың өзі қабылдамас.

Әйел. Жарайды, мойындаймын. Жарайды, жазала. Құдаймен ант етемін, мен енді қайтып оралмаймын.

Күйеуі. Сендей оңбаған қатынға дауа жоқ.

Әйелі. Енді не істеуім керек? Ал, не істеуім керек? Сен енді жиіркеніштісің, жиіркеніштісің.

Күйеуі. Сенің көз жасың– су. Мүлдем бейтаныс адамсың! Ойың басқа, пиғылың бөлек.

Әйелі. Өзгердім. Енді жарықты өзгерте алмаймын. Иә, қоғам соты менің шешімді  қабылдамасы анық. Жақын адамдарым мұны дұрыс түсінуі керек. Сеннен ажырасам.

Күйеуі. Ондай қадамға барған сәтіңде-ақ сені өлтірем.

Әйел. Өлтір. Өлтір. Сеннен мәңгілікке босап, еркіндік алайын.

Күйеуі. Егер қалап тұрсаң, онда өзіңнен көр.

Күйеуі тапаншаны шағарып

Әйел. Өлтір. Мың рет өлгенше бір рет өлейін.

Күйеуі. Иманыңды үйіре бер

Екеуі алыса кетеді. Тапаншаның дауысы екеуі бір-біріне қарап қалады. Бір сәл уақыттан кейін күйеуі құлайды.

Әйел. Жоқ, жоқ ! Жооқ! Жооқ!

 

5-КӨРІНІС

Әйел еркектің пәтеріне келеді.

Әйел. Мен сізге кілтті қайтаруға келдім.

Еркек. Сенің келетініңді білмедім. Неге бара жатырсың?

Әйел. Мен сен болған жерде боламын. Мен басқаша істей алмаймын. Менің айтқаным ұнамаса кешір, бірақ...

Еркек. Бәрін ұмытайық.

Әйел. Жоқ, Мен сенің бір сөзіңді де ұмытпаймын.

Еркек. Қымбаттым, бәрі осымен аяқталды.

Әйел. Жоқ!

Еркек. Жетеді, жеткілікті! Біз өзімізге керектіні алдық. Енді бір-бірімізге бөтенбіз. 

Әйел. Мен сіздің махаббатыңызбын ғой, иә?!

Еркек. Маған енді бұл сөздерді айтпа, сонда біз жақсы дос боламыз.

Әйел. Біз дос болмаймыз, сен оны білесің. Сені өзімнен бөлек ойлай алмаймын.

Еркек. Бұл мүмкін емес.

Әйел. Жоқ,  жоқ!  Маған достық керек емес екенін білесің. Менің өмірімде бір ғана бақыт болады. Бұл сіз қатты қорқатын сөз. Ол махаббат.

Еркек. Махаббат ол жоқ. Санаңнан шығар!

Әйел. Мен үшін тым көп мағына береді.

Еркек. Сен аурусың. Жоғал, кет.

Әйел. Айтыңызшы. Айтшы, Құдай үшін айтшы! Сізбен тағдырымыз бекітілген.

Еркек. Ол сенің бар жоғы қиялың. 

Әйел. Мен сізден өтінемін, бақытымнан, өзіңнен айыра көрме.  

Еркек.  Тыңдаңызшы... Кетуім керек! Тыңдаңыз, кетуім керек.

Әйел. Сіз әйелдерді түсінбейсіз. Олар үшін махаббат жерде шашылып жататын жем емес. Мен ақымақ болуым мүмкін. Сіз олай әйелдің сезімімен ойнамаңыз.  

Әйел тапаншаны Еркекке тақап.

Еркек. Қымбаттым, не істемек ойың бар? Тапанша ойнайтын зат емес.

Әйел. Сізді сүйемін... Сізге жету үшін ар шекарасынан аттап келдім.. Сіз мені кешіресіз, бірақ сізді көргім келді. 

Еркек. Арамызда ештеңе болған жоқ, барыңыз.

Әйел. Жоқ, айтуым керек.

Еркек. Не айтпақшысың?

Әйел. Біздің махаббатымыздың көлеңкелері ешқашан жойылмайды. Олар өседі және олар бүкіл әлемге көрінеді. Бізді тағдыр басқарады, бізді тағдыр байланыстырды.

Еркек. Тоқта!

Әйел. Егер өзіңіз айтқандай жақсы көрсеңіз, тыныштандырыңыз. Осыны айту үшін әдейі келдім.

Еркек. Айналайын, басымды қатырмай, жоғалшы.

Әйел. Сізге тыныштық бере алмаймын. Барлығына сіздің махаббатыңыз кінәлі.

Еркек.  Бұл сөздерді айтпа, сонда біз жақсы дос боламыз.

Әйел. Біз дос болмаймыз, сіз оны білесіз. Мен сізді өзімнен бөлек ойлай алмаймын.

Еркек. Бұл мүмкін емес?! Бәрі ойын. Сені сүйген емеспін. 

Әйел. Жоқ, жоқ! Маған достық керек емес екенін білесің. Біз бірге өмір сүреміз!.. Бізге ешкім кедергі болмайды!.. Содан кейін... міне, елестетіп көріңізші... бізде ұл немесе қыз болады... немесе жалпы – егіздер!.. Кідіріп. Ал, сіз не үндемейсіз?!

Еркек. Сіз бұл ақымақтығыңызды тоқтатаңыз!..

Әйел. Бәрі өзгереді, енді мүлдем басқаша болады!. Алдымен сізді  өлтіремін,  кейін өзімді. Басқа амал жоқ. Шын мәніндегі  бұл фильмнің соңы…

Еркек. Адамдар, ешқашан, бірге бола алмайды, білесіз бе?! Жалғыздық, абсолютті!.. Мәңгі!.. Түсінесің бе?! Менде соның бірімін.  Өтінемін! Ойлан..

Әйел. Мен өз таңдауымды жасадым. Сіз боссыз?!

Еркек. Ренжіме, бұл бар болғаны біздің шындық өміріміз.

Еркек осыны айтып кетіп қалады. Әйел тапаншаны алып өз-өзіне тақап, еркінен тыс күліп.

Әйел. Осы үлкен қайғыда қасымнан табылғаны үшін ешқашан ұмытпаймын. Жалғызбын. Өзімнен басқа ешкімді кінәламаймын. Сөз, сөз, сөз, сөз, сөз... Бірақ біздің жанымыздың тереңінде күнәлар, күнәлар, күнәлар, күнәлар жатыр.  Ол берген махаббат менімен көрге дейін бірге болады.

Үнсіздік. Қараңғылық.

СОҢЫ