Әркім өз саяхатын қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жоспарлайды. Ал әлемдегі ең бай адамдар қонақүйде тұру үшін қауіпсіздік пен жоғары стандарттарды талап етеді.
Бір түні $100 000 тұратын әлемдегі ең қымбат қонақүй нөмірі қай жерде?
Мұндай люкс нөмірлердің қонақтарын әуежайдан Rolls-Royce көлігімен күтіп алады. Фото galeriemagazine.com сайтынан алынды. Авторлығы: The Ritz-Carlton, Гонконг
1,264
оқылды

Quartz сайты әлемдегі ең қымбат қонақүйлердегі нөмірлерді салыстырып, оларды жеке сипаттаған. Aikyn.kz осы материалға сүйеніп, қымбат қонақүйлердегі бағаларды талдайды.

Ең қымбат қонақүйлердің бағасы дамыған америкалық қоғамда да таңданыс туғызуда. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Kezner International Limited

Әлемдегі ең қымбат қонақүйлердің бірінде түнеу дамыған америкалық қоғамда да таңданыс туғызуда. Ондай отельде бір тәулік тұруға орташа америкалықтың бір жылдық табысы да жетпей қалуы мүмкін. 

Қымбат нөмірлер несімен қызықтырады? Көздің жауын алатын эксклюзивті нөмірде сізге жеке күтуші, қонақтарыңыз үшін мерекелік кеш ұйымдастыруға арналған орын, ванна бөлмесіндегі дизайнерлік өнімдер және төсектердегі жібек жаймалар кіреді. Сонымен қоса отель қызметкерлері ауқатты қонақтың сұранысын толық қанағаттандыруға кепілдік береді. 

Ал енді әлемдегі ең қымбат қонақүй нөмірлерімен танысайық.

Faena пентхаусы. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Faena Miami Beach

Mark Hotel Penthouse. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: The Mark Hotel

5.   Faena пентхаусы – бір түнге 54 000 доллар

Faena Miami Beach отеліндегі бес бөлмелі люксте тұру құны – 54 000 доллар. Жоғары бағаға қонақтар көптеген қызметтерге қол жеткізе алады, оның ішінде екі мәжіліс алаңы, бес жатын бөлме, тоғыз ванна бөлмесі және Атлант мұхитының панорамалық көрінісі бар еденнен төбеге дейінгі терезелер.

Жеке күтуші мен қызметші қонақтардың қалауын бұлжытпай орындауға дайын. Faena пентхаусының жеке жағажайы және басқа да ыңғайлылықтар VIP қонақтардың жеке өмірінің құпиясын сақтауға арналған.

4. Mark Hotel Penthouse – бір түнге 75 000 доллар

Mark Hotel Penthouse – Нью-Йорктегі ең қымбат қонақүй нөмірі, бір түні 75 000 доллар. Көлемі 1100 шаршы метрлік люкс көптеген атақты адамдарды, соның ішінде сән әлемінің ең беделді кешіне дайындалып жатқан Met Gala қонақтарының көпшілігін Mark Hotel қабылдаған.

Пентхауста собор түріндегі төбелер, Нью-Йорк қаласының керемет көрінісі, рояль, кітапхана, қысқы бақ, жеке камин және шатырлы террасса бар. Пентхауста тұратын қонақтарды вестибюльден бөлмелеріне қауіпсіз және салтанатпен апаратын жеке лифт жұмыс істейді.

Palms Casino Resort-тағы Empathy Suite. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Palms Casino

President Wilson отеліндегі Royal Penthouse Suite. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Marriott International, Inc.

3. Palms Casino Resort-тағы Empathy Suite – бір түнге 75 000 доллар

Palm Casino Resort-тағы Empathy Suite бұрынырақта бір түн үшін 100 000 доллар болып, әлемдегі ең қымбат қонақүй атанған еді. Қазір отель нөмірлерінің бағасын 75 000 долларға дейін төмендеткен.

Palms Casino веб-сайтына сәйкес, люкс 845 шаршы метр және оның әрбір метрі «өнер туындыларымен» безендірілген. Қонақтар екі адамға арналған екі жатын бөлмені, жеке террассаны, жеке бассейнді, екі массаж бөлмесін және саунаны пайдалана алады. Оларға тәулік бойы жұмыс істейтін қызмет көрсету және жоғары деңгейлі консьерж қызметтері ұсынылады.

2. President Wilson отеліндегі Royal Penthouse Suite – бір түні 80 000 доллар

Женевадағы (Швейцария) бұл люкс әлемдегі екінші ең қымбат нөмір болып саналады, бір түні 80 000 доллар тұрады. 1672 шаршы метр ауданы бар люкс President Wilson отелінің сегізінші қабатын тұтас алып жатыр. Нөмірдің Женева көліне қарайтын 230 шаршы метр қонақ бөлмесі бар. Қонақтар люкс бөлмеде Steinway роялін, жеке террассадағы телескопты пайдаланады. 1930-жылдары жасалған үстелде бильярд ойнау, жеке спорт залында жаттығу немесе жай демалу, 103 дюймдік үлкен Bang & Olufsen смарт TV-ді тамашалау сияқты әртүрлі іс-шаралармен көңілдерін көтере алады.

Отельдің Біріккен Ұлттар Ұйымының Швейцариядағы ғимаратына жақын орналасқандықтан, онда АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр сияқты мемлекет басшылары жиі болады. Royal Penthouse Suite-тің терезелері тіпті VIP қонақтарды қабылдау үшін оқ өткізбейтін шыныдан жасалған.

Atlantis the Royal Dubai отелінің Royal Mansion нөмірі. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Kezner International Limited

1. Atlantis the Royal Dubai отелінің Royal Mansion нөмірінің бір түні – 100 000 доллар

Бір түні 100 000 доллар тұратын Royal Mansion (Atlantis the Royal, Дубай) әлемдегі ең қымбат қонақүй нөмірі. Стандартты люкс тым үлкен, оның төрт жатын бөлмесі, қонақ қабылдайтын жеке бөлмесі және асханасы бар. Нөмірде екі қабатты жеке кеңсе орналасқан. Royal Mansion люксі оны басқа 16 бөлмеге қосуға болатындай етіп жасалған.

Бөлмелер Калакатта мәрмәрінен әрленген және қабырғалардағы жібек маталар ғажайып жылылық береді. Жоғары сапалы материалдар мен өнер туындыларынан басқа, бөлмелерде әлемдегі ең танымал люкс брендтері қойылған. Қонақтар алтын жалатылған дәретхана керек-жарақтарын, Hermès және Louis Vuitton өнімдерін және жоғары сапалы электрониканы пайдаланады.

«Біз өте талғампаз, өте керемет, өте бай атмосфера жасауды қаладық. Бұл нөмірде қонақтар өздерін үйдегідей сезінеді деп үміттенеміз», – дейді Atlantis the Royal Dubai  президенті Тимоти Келли.

Таңғажайып бағалар ауқатты адамдарды қызықтырса, қаржылық жағдайы төмен адамдардың қызғанышын оятуы мүмкін. Бірақ 6 таңбалы цифрларды қиналмай, отельде бір тәулікке төлеген адамдар әлемде санаулы ғана, олардың арасында миллиондарын адал еңбегімен тапқандар да бар деп сенейік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.