БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және инсулинді ашқан ғалым Фредерик Бантингтің құрметіне құрылған.
Қант диабеті балалар мен жасөспірімдер арасында да жиі кездеседі
Фото: istockphoto.com/ru
248
оқылды

Биыл бұл күн «Кедергілерді жеңу, олқылықтарды жою» тақырыбымен атап өтіледі. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар.

Қазақстанда биыл 1 қазандағы мәлімет бойынша қант диабеті диагнозы қойылған 516 564-тен астам тұрғын тіркелген. Оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті Қант диабетінің үлесіне тиесілі. Бір типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды.

Бұрын бұл ауруға ересектер шалдығатын. Қазір өмір салты факторларына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында жиі кездеседі.

Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтауға тексеруден өтеді, бұл ретте 10%-да гипергликемия белгілері анықталады.

Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер тегін ем қабылдайды.