Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
17 қараша күні еліміздегі жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto.com
1,060
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 қарашада Атырау, Ақтөбе, Қарағанда, Теміртау, Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.