Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті.
Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден әлем кубогында жүлдегер атанды
1,252
оқылды

Семсерлесуден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Қараман қорғады.

Финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Нәтижесінде, ойын 45:35 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы болған Румыния құрамасын 45:36 есебімен жеңген еді.