1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелу ережелері өзгереді. Қазақстан азаматтары жылына бір рет қана жаңа немесе пайдаланылған көлікті жеке пайдалану үшін тауар ретінде кедендік рәсімдеуден өткізе алады.
Елімізде көлік құралдарын әкелу ережелері өзгереді: шетелден бір ғана көлік әкелуге рұқсат
www.istockphoto.com
1,238
оқылды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл жаңашылдық ештеңені өзгертпейтінін жеткізді.

– Ештеңе өзгерген жоқ. Егер жеке тұлға 10, 20 немесе 30 автокөлік сатып алса, бұл кәсіпкерлік қызмет болып саналады. Олар ЖШС тіркеп, бұл көліктерді әкеліп, тиісті сертификат алуы қажет. Ал егер бұл өзіне көлік сатып алатын жеке тұлға болса, бұл кәсіпкерлік қызмет емес, олар жеңілдетілген басқа сертификатты алуы керек. Яғни, екі түрлі сертификат бар. Мұны салық және кеден органдары бақылайды, – деді Роман Скляр.

Сондықтан осы өзгерістерге байланысты егер бір жылдың ішінде екінші немесе үшінші автокөлікті әкелуге әрекет жасалса, рәсімдеуге мүмкіндік болмайды. Өйткені жүйеде мұндай рұқсат жоқ. Себебі Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, бірнеше көлік әкелу кәсіпкерлік қызмет болып есептеледі. Тиісінше, оны жеке тұлға рәсімдей алмайды. Егер азамат автокөлікті бір жыл өтпей жатып сататын болса, онда сатудан түскен ақшадан 10% салық төлеуге тура келеді.