25 градус аяздан Үнді мұхитында кит, акуламен жүзу неліктен тамаша демалыс екенін білесіз бе? Оны сезіну үшін Мальдив аралдарына бару керек екен.
Танымал тележүргізуші Мальдив аралынан ерекше қонақүй тапты
Жердегі жұмақта жүргендей боласыз! Фото tourdom.ru сайтынан алынды
850
оқылды

Жақында The Telegraph басылымы Үнді мұхитында орналасқан Мальдив аралдарындағы демалыстың ерекшеліктері туралы жазды. Aikyn.kz осы материалға сүйеніп, алыс болса да қазақ туристері үшін тартымды аралға саяхаттың кереметтерімен таныстырады.

Мальдив аралдары ертегідей, бұнда барлығы саяхатшы үшін ыңғайлы ойластырылған. Фото relaxresidencemaldives.com сайтынан алынды

Британдық Strictly Come Dancing теле шоуын жүргізуші Клаудиа Уинклманның сөзімен айтсақ, Мальдив аралдарының ірі халықаралық әуежайына қонған саяхатшылар дәл мұхиттың ортасына түскендей сезінеді екен.

«Сіз ұшақтан мұхиттың ортасына секіріп түскендей боласыз. Жағажайға бару үшін автобусқа отырудың қажеті жоқ, бәрі қол астыңызда. Мальдив аралдары ертегідей, өйткені бұнда барлығы саяхатшы үшін ыңғайлы ойластырылған».

Бұл аралда саяхатшы бөлмесі жағажайда немесе теңіз үстіндегі шағын үйлерде орналасқан. Демалыстың әрбір сағаты жоспарлаған, ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Барлығы дайын. Аяқкиімді шешіп, демалыс уақыты аяқталғанша оны қайта кимейсіз.

Бұл аралда саяхатшы бөлмесі жағажайда немесе теңіз үстіндегі шағын үйлерде орналасқан. Фото tourdom.ru сайтынан алынды

Мальдивте қазан мен наурыз аралығында су астын зерттеушілер үшін керемет мүмкіндіктер ұсынады. Бүкіл әлемнің сүңгуірлері (дайверлер) арал маңындағы су асты ағыстарының тоғысқан жеріне ағылады. Констанс Муфуши отеліндегі бір ғана су асты саяхаты кезінде кит, акула, үлкен скат мен дельфиндерді көруге болады. Бұл тек кәсіби сүңгуірлерге арналмаған, әрбір демалушы су асты саяхатына бара алады. Бұл отельде демалыс кезінде саяхатшы ештеңе ойламайды, бәрі сіздің қалауыңыздай жасалады.

Үнді мұхитындағы таңғы ас. Фото fotoblik.ru сайтынан алынды

Мальдивтегі отельдердің барлығы ас мәзірімен мақтана алады. Тамақ талғаушы гурмандарға ірімшік дүңгіршегі, жергілікті жаңа піскен балғын жемістер мен қуырылған жаңғақтар қосылған үй йогурттары, қаймақ пен манго қосылған круассандар, мұхиттар мен теңіздерде кездесетін барлық өнімдер ұсынылады.

Ғажап плиткалармен өрнектелген жуынатын, ванна бөлмелері мен жоғары люкс деңгейіндегі SPA қызметі демалысты естен кетпестей жасауға арналған. Ал қуырылған балықтың дәмін ұмыту мүмкін емес! 

Мальдив халқының ұлттық тағамдарының дәмін ұмыту мүмкін емес шығар. Фото fotoblik.ru сайтынан алынды

Мальдив аралдарында жылдың қай айларында барған дұрыс? Саяхатшылардың айтуынша, қараша-сәуір айларында көк аспан, бұлтсыз күндер көп және Үнді мұхитының суы бұл кезеңде мөлдір болады. Мамыр мен қазан айларында температура жылы болғанымен, жауын-шашын да жиі болуы мүмкін. 

Отандық Air Astana компаниясы 2020 жылдан бері Мальдив аралдарына тікелей рейстер ашты. Алматыдан Малеге дейін ұшу құны 360 мың теңгеден басталады, әуе сапарының ұзақтығы 6 сағат 50 минут. Мальдив аралдарына Алматыдан басқа Ақтөбеден, Орал мен Шымкенттен, Атырау, Қызылорда мен Өскеменнен де ұшуға болады. Сәтті сапар тілейміз!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.