ChatGPT-ге телефон шалып сөйлесуге, сұрақтар қоюға болады. Бұл функция кеше сәрсенбіде (18 желтоқсан) қосылды.
ChatGPT-мен енді телефонмен де сөйлесуге болады
ChatGPT-ге телефон шалуға, WhatsApp арқылы мәтіндік сұраулар жіберуге болады. Фото axios.com сайтынан алынды. Авторлығы: Moxie
354
оқылды

Quartz сайты чат-ботқа мәтіндік хабарлама жіберуге және телефон шалуға болатынын хабарлады. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz жаңа функцияны және уақытша шектеулерді түсіндіреді.

Пайдаланушылар чат-ботқа мессенджер арқылы мәтіндік хабарламалар жіберіп, телефон қоңырауларын шалады. Фото pocket-lint.com сайтынан алынды

Сәрсенбіде (18 желтоқсан) пайдаланушылар чат-ботпен жұмыс істегенде мессенджер арқылы мәтіндік хабарламалар жіберіп, телефон қоңырауларын шалатын мүмкіндікті қолдана бастады. Дауыстық телефон қоңыраулары әзірше тек америкалық пайдаланушылар үшін қолжетімді. Бірнеше айдан кейін еуропалық және азиялық аудиторияларға бұл функция ашылады деп күтілуде.

Ал АҚШ азаматы емес пайдаланушылар ChatGPT чат-ботына 1-800-CHATGPT (1-800-242-8478) WhatsApp нөмірі арқылы мәтіндік сұраулар жібере алады. Бастапқыда қоңырау шалушыларға ай сайын 15 минут тегін сөйлесу уақыты беріледі.

OpenAI жасанды интеллект стартапы қазіргі уақытта ChatGPT тіркелгісі арқылы WhatsApp хабарламаларының аутентификациясын жасау тәсілдерімен жұмыс істеп жатқанын айтты. Мұндай аутентификациядан кейін олар суреттермен жұмыс немесе іздеу функцияларын қолдана алады.

Хабарламалар жіберу мен телефон қоңырауларын шалу функцияларын іске қосу Hackweek жобасының нәтижесі. Фото YouTube платформасынан алынды. Авторлығы: Tim Harris Video AI аккаунты

Мәтіндік хабарламалар жіберу мен телефон қоңырауларын шалу функцияларын іске қосу Hackweek жобасының нәтижесі болды. Ол бірнеше апта бұрын жасалды.

Алғаш рет қоңырау шалу мүмкіндігін 12 күндік OpenAI іс-шарасы кезінде жарияланған еді. Іс-шарада жетілдірілген o1 үлгісі мен Sora ЖИ видео генераторы сияқты өнімдер де ұсынылды. Көпкүндік іс-шараның басында OpenAI «әлемдегі ең ақылды модель» деп атайтын жаңа ChatGPT-ге жазылым басталғанын жариялады.

ChatGPT Pro деп аталатын модельге жазылым құны айына $200, ол пайдаланушыларға ЖИ үлгілері мен құралдарын, соның ішінде o1 pro mode және Advanced Voice нұсқаларын шектеусіз қолдануға мүмкіндік береді. o1 Pro нұсқасы «терең ойлауға және жақсы жауаптар беруге» қабілетті. Бұл үшін нұсқалар көбірек есептеу қуатын пайдаланады.

Бұған дейін OpenAI стартапы ChatGPT енді смартфон камерасы немесе құрылғы экраны арқылы көрсетілетін нысандарды тани алатынын және мамыр айында GPT-4o моделі шыққан кезде жарияланған жетілдірілген дауыс режимін пайдаланып жауап бере алатынын хабарлаған болатын.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.